- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы-1- Шу теміржолы учаскесіндегі жұмыстар жеделдетіледі
Алматы-1- Шу теміржолы учаскесіндегі жұмыстар жеделдетіледі
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев Алматы-1-Шу теміржол желісінің екінші телімі құрылысын аралаған соң, «Нұрлы жол» бағдарламасына енетін жоба қатысушыларымен жедел кеңес өткізді. Кеңеске ҚТЖ филиалдары - ірі жобаларды жүзеге асыру дирекциясы, магистральдық желі дирекциясы, Алматы және Жамбыл облысы филиалдарының пайдалану құрылымдары, бас мердігер мен қосалқы мердігерлерімен, құрылысшылармен, жобалау институты мамандары қатысты.
Қ. Алпысбаев құрылысты жеделдетіп, телімдегі топырақ қабатын көтеруді күшейтіп, құрастыру материалдарын жеткізу, белгі беру және байланыс материалдары мен жол айырықтарын тұрғызу тапсырмасын берді.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ Инфрақұрылымдық жобалар жөніндегі вице-президент Бауыржан Орынбасаров Ақсеңгір мен Қазыбек Бек станциялары маңындағы автокөлік өткелі мен жол айырықтарының құрылысы туралы баяндады.
«Бірінші жол айырығы өткелінде құрылыс жұмысы кесте бойынша жүргізілуде. Құрылыс алаңына тіректер, БСН-42 арқалығы жеткізіліп, құрастырылуда. Оны құрастыруды дайындаушы- зауыт жүзеге асырады. Ол тамыз айына жоспарланып отыр. Сондай-ақ, екінші жол өткелінде жұмысты жалғастыру жоспарлануда»,- дейді Б. Орынбасаров.
Компания басшысы Ақсеңгір жол айырығының құрылысын аяқтап, пайдалануға берудің маңызы зор екендігін атап өтті. Жедел жиналыс қорытындысын жасаған Қ. Алпысбаев жазғы күннің ашық мезгілін тиімді пайдаланып, Алматы-Шу теміржолының құрылыс қарқынын көтеру арқылы, үлкен жобаны дер кезінде аяқтау керектігіне баса назар аударды.
-
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Халық санағына дайындық жұмыстары қалай жүргізілуде -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Жалған вакцина төлқұжаттары мен ПТР анықтамаларын анықтау жұмыстары қалай жүруде -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
Өзен суымен қамтамасыз ету жұмыстары қалай жүріп жатыр -
Азаматтық авиация: Ұшу қауіпсіздігі, әуежайларды жаңғырту және маман тапшылығы мәселесі -
АШМ: Егін егу науқаны мен көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру -
ЕАЭО: Қазақстандық экспорт өсімі, бюджетке келген пайда және көлеңкелі экономика -
Педагогтік әдеп жөніндегі кеңес: Ұстаз мәселесін шешудегі рөлі қандай -
Меморгандардың ақпараттық және түсіндіру жұмыстарына қойылатын талап күшейтілмек