- Басты
- Жаңалықтар
- И.Тасмағамбетов: 2015 жылдан бастап Астана республикалық бюджеттің 4 донор-өңірінің қатарына енеді
И.Тасмағамбетов: 2015 жылдан бастап Астана республикалық бюджеттің 4 донор-өңірінің қатарына енеді
«Шағын кәсіпкерліктің субъектілері өнімдері 1 трлн 100 млрд теңгені құрап, шамамен екі есеге артты. Бұл мәліметтер Астана қаласының халықаралық Moody's агенттігі зерттеуіндегі төменгі қарыздық салмақтарға сай қала экономикасының әртараптылығы мен даму қарқыны болып табылатын тұрақты даму көрсеткішіне орай 2013 жылғы зерттеудің қорытындысында байқалады. Бұл өз кезегінде қала дамуына бағыталған инвестицияның тиімділігіне дәлел болады. Қазіргі кезде Астанамыз өзін өзі асырай алатын жағдайға жетіп отыр», - деді әкім.
Әкімнің айтуынша, 2015 жылдан бастап Астана республикалық бюджеттің 4 донор-өңірінің қатарына енбек.
«Соңғы бірнеше жылда жалпы құрылымға салынған жекелеген салымдар көлемі артқан. Атап айтар болсақ, 2008 жылы бұл көрсеткіш 25 пайызды құраса, биыл 44 пайызға жетіп отыр. Алайда трансферт пен несиенің көлемі жыл өткен сайын төмендеп, 70 пайыздан 56 пайызға түскен. Биылғы жыл қорытындысы бойынша қаланың өңірлік ішкі өнімі 2,7 трлн теңгені құрап, 2008 жылғыдан 2 есеге артқан. 2008 жылы мемлекеттік бюджетке түскен қаражат 269 млрд теңге болса, биыл ол 600 млрд теңгеге жетті. Елорда атағын алғалы бері қаланың дамуына 4,8 трлн теңге құйылған. Мұның ішінде 40 пайызы немесе 2 трлн теңгесі мемлекетке тиесілі», - деді қала басшысы.
Қала басшысының айтуынша, 1998 жылы бюджет үлесіне 62 пайыз тиесілі болса, 2013 жылы бұл көрсеткіш 34% төмендеген және жеке инвестрорлар үлесі 38%-дан 66%-ға артқан.
-
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Арқа төріндегі Арайлы астана жылнамасы -
Strategy2050.kz тілшісі «Заманауи білім» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды -
ІІМ республикалық “Серт” байқауының жеңімпаздарын марапаттады -
2020 жылғы республикалық бюджеттiң атқарылуы: Пандемия қалай әсер етті -
Қаржы министрлігі: Ұлттық қор трансферті, бюджеттің атқарылуы және шығыстар мен кірістер -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
2021-2025 жылдарға арналған ӘЭДБ мен республикалық бюджетті нақтылау туралы Заң жобасы -
ШОБ: Алдағы үш айда мемлекеттік қолдаудың жаңа шаралары күшіне енеді -
Шектеу шаралары: Елордадағы Мемлекеттік академиялық филармония қалай жұмыс істеп жатыр
-
«Frankofonı Naýryzy 2021» мәдени маусымы 13 наурыздан бастап Қазақстанда өтеді -
Елордада цифрландыру аясында жүзеге асқан жобалар жемқорлықты азайта алды ма -
13 мыңнан аса азамат 1 наурыздан бастап әскер қатарына шақырылады