- Басты
- Жаңалықтар
- Еуразия Парламенттері цифрлық экономиканы қолдайды - ЕЭК
Еуразия Парламенттері цифрлық экономиканы қолдайды - ЕЭК
ЕЭК Алқа Төрағасы Тигран Саркисян парламентаралық ынтымақтастық қарқынды түрде өсіп келе жатқан цифрлық экономикада ойын ережелерін қалыптастырудың маңызды жүйелі факторы болуы тиіс екенін атап өтті.
«Сондықтан дамудың жаңа модельдері екі негізгі аспектіні – экономикалық еркіндік пен қауіпсіздікті қамтуы өте маңызды. Алайда, қазір сарапшылар мен саясаткерлердің басым көпшілігі олардың қалай үйлесуі керектігі жайында дауласуда. Цифрлық реттеу қалай жүзеге асырылады? Ол жаңа кедергілер мен тосқауылдарды әкелмеуі үшін не жасау керек? Мемлекет қауіпсіздік пен егеменділікті қалай сақтап қалуы керек? Осы сұрақтарға жауаптарсыз біз цифрлық сенім қоғамын құра алмаймыз және өз болашағымызға сенімді бола алмаймыз», – деп санайды Тигран Саркисян.
Цифрлық тұғырнамалар экономиканың көптеген салалары үшін едәуір мультипликативтік әсер береді және әлеуметтік қызметтер жұмысының тиімділігін арттырады.
«Әдетте, осы тұғырнамалар ұлттық шекарадан тыс шығып, халықаралық заңнама шегінде жұмыс істейді. Бұл да баршамыз үшін жаңа жағдай», – деп хабарлады ЕЭК Алқа Төрағасы Тигран Саркисян.
Ол Одақ елдерінің әрқайсысында цифрлық жобаларды іске асыру басталғанын атап өтті. Осыған байланысты, барлық жоспарлар мен жобаларды бәсекеге қабілеттіліктің артуы мен шығындардың қысқаруын қамтамасыз ететін «бір шатырдың» астына жинақтау қажет. Интернет-сауда, төлем жүйелері, логистика және басқа да салалардағы жұмысты жылдамдатып, оңайлататын жалпы нормалар мен стандарттарды әзірлеу керек.
Еуразия парламенттері басшыларының жиынына тұрақты іс-шара мәртебесі беріліп, онда өкілдікті билік органдарының спикерлері еуразиялық интеграцияны дамыту және ынтымақтастық мәселелері бойынша өз пікірлерін білдіретін болады. Келесі жиын Астанада (Қазақстан) 2018 жылы өтеді.
-
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Жолдау-2021: Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету шаралары -
«Педагогтардың цифрлық құзыреттілігін дамыту» онлайн оқыту курсы басталды -
«Зерде» холдингі»: Цифрлық трансформация орталығы, штат санының қысқаруы және холдинг кірістері -
Аяқ киімді міндетті цифрлық таңбалау 2021 жылғы 1 қарашадан енгізілмек -
АҚШ Президент Қ. Тоқаевтың реформаларын қолдайды -
Л.Рамазанова: Жаһандық дағдарысты еңсеруде, экономиканы ілгерлетуде әйелдер маңызды рөл атқарады -
Мемлекеттік басқаруды дамытудың жаңа тұжырымдамасы: жаңа құндылықтар мен цифрлық сервис -
Экономиканы дамыту шаралары: Жаңа құрылым енгізу, кәсіпкерлікті дамыту тұжырымдамасы және цифрландыру мәселелері -
Темекі өнімдерін таңбалау көлеңкелі экономиканы азайтады -
ҚР экономикасы: Экспорт, импорт, инвестиция және экономиканы қолдау шаралары -
Цифрлы Қазақстан: Пандемия цифрландыру үрдісіне қандай түзетулер енгізді -
ИНФОГРАФИКА: Экономиканы дамыту үшін қыбылданған шаралар -
Жолдау-2020:Экономиканы қалыпқа келтіру үшін бөлінген қаржы қалай жұмсалады