- Басты
- Жаңалықтар
- ЭКСПО көрмесі аумағында 2 мыңнан астам полиция қызметкері жұмыс істейді
ЭКСПО көрмесі аумағында 2 мыңнан астам полиция қызметкері жұмыс істейді
ҚР ІІМ хабарлағандай, көрме аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығы, сондай-ақ Полиция бөлімі және Өрт сөндіру депосы жұмыс істейді.
Көрме кешеніне кіретін қақпаларда тексеріп өткізу жүйесі барынша күшейтілген. Рентген-телевизиялық қондырғылардың, металлдетектор және жарылғыш заттарды анықтайтын детекторлардың көмегімен тексеріп-қарау жүргізіледі.
ЭКСПО нысандарының арнайы комиссиясы жарылғыш заттарды, радиоактивті, химиялық және басқа да компоненттерді анықтау мақсатында күн сайын тексеру жүргізіп отырады.
Кинологтар жарылғыш заттарды іздеуге үйретілген қызметтік иттермен көрменің автотұрақтар аумағы мен кіретін есіктерін тексеріп шығады. Мобилді тексеріс кешені көмегімен көрме аумағына кіргізілетін тауарлар мен жүктер мұқият тексеріледі.
Қорғаныс министрлігі ұшқышсыз ұшатын тіркелмеген ұшу аппараттарының көрме аумағында ұшуына жол бермес үшін 3 шақырым радиустағы аумаққа және 3000 метр биіктікке шектеу қойған болатын.
Ұшқышсыз ұшатын ұшу аппараттарын басқаратын сингалдарды бөгеуге радиоэлектронды қолдырғылар пайдаланылады. Бұл топ әуені құрылғы арқылы қадағалайтын полицияның жедел тобымен бірге жұмыс істейді. Әуені қадағалау құрылғылары көрменің аумағына және оған жақын көшелерге де орнатылған.
Елордадағы әрбір мәдени-көпшілік, спорттық және қоғамдық-саяси іс-шаралар ІІМ-нің қатаң қадағалауында. Шаралар қауіпсіз өткізілу үшін тиісті күш пен құралдар бөлініп, арнайы мониторинг жүргізіледі.Көрме ашылған уақыттан бері оның аумағында 100 шақты мәдени-көпшілік іс-шара өткізілді.
ЭКСПО көрмесін өткізу кезінде қаладағы қонақ үйлер мен қонақ жайлардағы қоғамдық тәртіп күзетіне 110 полиция қызметкері бөлінген. Олардың саны елордаға келген қонақтардың санына байланысты толықтырылып отырады.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы