- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да мектептерді робототехника кабинетімен жарақтандыруға 748 млн теңге бөлінген
ОҚО-да мектептерді робототехника кабинетімен жарақтандыруға 748 млн теңге бөлінген
ОҚО әкімдігінің ақпараты бойынша, қайта нақтыланған бюджеттің ең көп соммасы яғни 1,5 млрд теңгесі «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында кәсіпкерлікті қолдау мақсатына бөлінген.
Бұл қаржы банктегі несиелердің пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялау үшін қосымша қаралып отыр. Биылғы жылы аталған мақсатқа 3 млрд бөлінген болатын, енді оған 1,5 млрд тенге қосылып жалпы 4,5 млрд тенгені құрады. Бұл банктерден шамамен 37 млрд тенгеге жуық инвестиция тартуға жол ашады, яғни кәсіпкерлерге осы сомаға несие алуға мүмкіндік бар.
Биыл Түркістан және Кентау қалаларындағы тұрғын үйлерді жаңғыртуға 491,5 млн теңге бағытталса, Шымкент қаласындағы бұрынғы қоқыс полигоның аумағында саябақ салу және көшелерді жарықтандыру жұмыстарын жүргізу үшін 400,7 млн теңге жоспарлануда.
Бұдан бөлек, 6 білім беру нысанының құрылысын бастауға 55 млн теңге бөлінеді. Ал, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізуге және орталықтандырылған ақпараттық жүйесіне көшу бағытында денсаулық сақтау саласының медициналық ұйымдарына 1 732 дана компьютер сатып алуға 346,4 млн. теңге қарастырылып отыр. Денсаулық сақтау саласын дамытуға жалпы 4 емхананың құрылысына және 2 жобаның жобалау-сметалық құжаттамасына 97 млн теңге бағытталатын болады.
Сессия барысында облыстық маңызы бар 2 автомобиль жолының құрылысын бастау және Астана даңғылының құрылысын жалғастыру үшін 224,4 млн теңге қарастырылды.
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қазақстанда 7 млн-нан астам азамат вакцина алды -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
2025 жылға дейін еңбек нарығына қосымша 1 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскер қажет болмақ