- Басты
- Жаңалықтар
- Сенатта журналистерді марапаттады
Сенатта журналистерді марапаттады
Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдарының әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін арттыру міндетін қойып отырғанын еске салды. Төраға БАҚ қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайтудың маңызды құралы болып табылатынын және оларға шығармашылық жасампаздықтың айрықша рөлі тиесілі екенін атап өтті. Төраға журналистерді құттықтауға арналған салтанатты жиындағы сөзінде
«Сіздердің адал қызметтеріңіз халқымыздың әл-ауқатын арттыруға бағытталған Елбасының бастамаларын ілгерілету мен экономикалық реформаларды іске асыруға серпін беретіні сөзсіз» ,- деді. Қ.Тоқаев бүгінгі күні Қазақстанның медиа кеңістігінде елдің әлеуметтік-саяси өмірінің өзекті мәселелері бойынша сындарлы талқылау жасауға мүмкіндік беретін ашық пікірталас алаңдары ашылып жатқанын атап өтті.
Сенат Төрағасының пікірінше, озық БАҚ-тың өзгелерден айырмашылығы, ақпаратты тез әрі сапалы беруіне, оқиғаны сипаттаудағы салқынқандылығына және терең талдау жасай алуына көп байланысты.
Қ.Тоқаев, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін Парламент қызметін ақпараттық қолдаудағы белсенді және жемісті еңбегі үшін Сенат Төрағасының алғыс хатымен марапаттады және бірқатар журналистерге Парламентаралық Ассамблея Кеңесінің «Баспасөз және ақпаратты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» құрмет белгісін табыс етті.
-
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Мемлекет басшысы журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады -
ІІМ республикалық “Серт” байқауының жеңімпаздарын марапаттады -
ІІМ басшысы қызметте көзге түскен полицейлерді марапаттады -
Медиа-қоғамдастыққа журналистерді аккредиттеудің жаңа ережелерінің жобасы таныстырылды -
Журналистерді даярлау: салалық журналистика, кадр тапшылығы, журналистік этика мәселесі талқыланды -
Полицейлер пандемияға қарсы күресте көмек көрсеткен еріктілерді марапаттады -
Анар Жайылғанова журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады -
Аида Балаева журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады -
А.Балаева: Бейбіт жиналыстардағы журналистердің қызметіне қатысты ережелер әзірленді -
Сенатта цифрлық технологияларды реттеу және тұтынушылардың құқықтарын қорғауға қатысты заң жобасы қаралды -
Сенатта Денсаулық туралы кодекс жобасы қаралады -
Сенатта «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекс жобасы талқыланды -
Қ.Тоқаев бірқатар қызметкерлерді мемлекеттік наградалармен марапаттады -
Сенатта еліміздің Үкіметі мен Азия Даму Банкі арасындағы келісім қаралды