- Басты
- Жаңалықтар
- БЭК елдеріндегі роуминг таяу жылдары нөлденуі мүмкін - ЕЭК министрі Н.Алдабергенов
БЭК елдеріндегі роуминг таяу жылдары нөлденуі мүмкін - ЕЭК министрі Н.Алдабергенов
«Қазір біздің шекараларымыз ашық, және әр адам КО елдері аумағында жүргенде қазақстандық тарифтерден 20 есеге асып түсетін роумингте қоңырауларды тарифтеу проблемасына тап болады. Роумингті нөлдеу бірқатар заңнамаларға түзетулер енгізуді талап еткендіктен, оған уақыт қажет, бұл үш-төрт жыл көлемінде іске асырылады деп ойлаймын», - деді Н.Алдабергенов.
Ол Еуропа елдерінде 2015 жылға қарай роумингті толғымен нөлдеу мәселесі шешіліп жатқанын қосып айтты.
Министрдің айтуынша, осындай тосқауылдар қойған ұялы байланыс операторлары клиенттерінен айрылады, бұл өз алдына ақшалай түсім көлемдерінің азаюына алып келеді.
«Мысалға, елімізден Ресейге барғанда біз ресейлік нөмірлерге және ұялы байланыс операторларына қосыламыз, ал Қазақстанда қайтадан жергілікті ұялы байланысқа ауысамыз. Мен де осындай мәселеге тап болдым, үш-төрт рет сөйлескенде біраз сома кетеді», - деп мысал келтірді Н.Алдабергенов.
Сонымен қатар, ол қазақстандық операторлар тарапынан бұл мәселеге қатысты айқын қарсылық жоқтығын атап өтті.
«Бірақ, олар бірқатар заңнамаларды бірегейлендіру, тең шарттар туралы мәселені қозғайды. Бұл әлемдік тәжірибе, біз соған келе жатырмыз», - деп қортындылады Н.Алдабергенов.
-
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді -
COVID-19: Молдовада карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкін, ал Черногорияда ковидпен ауруханаға түскендердің саны артуда -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
ҰБТ-2021: Электронды форматтың артықшылықтары мен мүмкіндіктері -
Е.Өстеміров: Тексерулерге енгізілген мораторий жемқорлық қатерлерін азайтуға мүмкіндік береді -
«Kazakhstan Project Management Awards 2021» байқауы: Мүмкіндіктері мен артықшылықтары