- Басты
- Жаңалықтар
- Журналистер тұлғаның суретін жариялау үшін рұқсатты қалай алады?
Журналистер тұлғаның суретін жариялау үшін рұқсатты қалай алады?
«БАҚ-та адамның суретін орналастыру бойынша оның рұқсатын алу мәселесі көптен бері көтеріліп келеді. Заңжобасы мұндай рұқсатты қажет етпейтін негіздеме тізімін жасақтауды ұсынып отыр. Мәселен, мәдени бұқаралық шараларда, спорттық шараларда, жиындар мен сөз сөйлеу барысында», - деп түсіндірді ведомство басшысы.
Бұдан басқа, заңжобасында шындыққа жанаспайтын ақпаратты таратқаны үшін БАҚ-ты жауапкершіліктен босату бойынша негіздемелер тізімі кеңейтілуде.
«Отандық теле – мен радио нарықты одан ар дамыту мақсатында министрлік құқықтық кеңістік енгізуді жоспарлап отыр. Бұл отандық телеарналарға аудиториясын кеңейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мемлекеттік органдар мен ұйымдарда тек отандық арналарды көрсету ұсынылуда. Министрлік интернет пен жаңа технологиялардың дамуын барынша ескерді», - деп атап өтті министр.
Осы ретте, интернет таратылымды дамытуды реттейтін нормалар қарастырылып отыр.
Интернеттің жаппай таралуы контенттің жалпы білім беру мектептерінің оқушылары үшін бейімделгенін қажет етеді. Яғни, олардың жас ерекшелігі ескерілуі тиіс. Оның үстіне ғаламтордың кеңеюі үлкен жауапкершілдікті жүктейді.
«Министрлік халықтың шағымдарын қабылдап, олар бойынша мониторинг жүргізіп, анықтайды. Бүгінде балалардың еркін ғаламторға кіретінін ескерсек, бұл жағдай ешкімді алаңтадпай қоймас», - деп түйді Д. Абаев.
Бұған дейін, министр журналистердің ақпараттың шынайылығын міндетті түрде тексеретін болатынын хабарлаған еді.
Ақбота Күзекбай
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр