- Басты
- Жаңалықтар
- БЖЗҚ-ның салымшылары онлайн-қызметтерді пайдалануда
БЖЗҚ-ның салымшылары онлайн-қызметтерді пайдалануда
Ақпаратқа сәйкес, 3,3 миллионнан астам адам бұл үшін Қордың ресми сайтын немесе әртүрлі операциялық жүйелерде жұмыс істейтін смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасын пайдаланады. Салыстырар болсақ, 2014 жылдың шілдесінде (жеке жинақтаушы зейнетақы қорларынан активтер мен міндеттемелерді, сондай-ақ салымшылар туралы мәліметтерді БЖЗҚ-ға қабылдау үдерісі аяқталған соң) интернет-хабарландыру тәсілін таңдағандардың саны бар-жоғы 334,8 мың адамды құраған болатын. 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бұл көрсеткіш 1,08 млн. адамға дейін өсті, 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша – 2,66 млн. адам. Осылайша, биылғы жылдың басынан бері 640 мыңнан астам адам ақпарат алудың осы бір ыңғайлы да жедел түрін таңдады.
Бұдан басқа, 2017 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша ұялы қосымшаны жүктеп алу саны 797,4 мың болды. Жыл басынан бері жүктеп алу саны 287,7 мыңға дерлік көбейді немесе 56%-ға артты
«2017 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы жүйесі салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» қызметі арқылы электрондық үкімет порталы арқылы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарынан 512 мыңнан астам үзінді-көшірме берілген. Салыстыратын болсақ, осы портал арқылы ағымдағы жылдың басындағы жағдай бойынша 352 мың үзінді-көшірме берілген», - делінген хабарламада.
Салымшы (алушы) БЖЗҚ-ға өзі келіп, не болмаса 1418 тегін нөміріне қоңырау шала отырып телефон арқылы, әлеуметтік желілер, сондай-ақ қашықтықтан: Қордың корпоративтік сайтындағы «Кері байланыс» нысаны, «онлайн-чат», «Төрайымның Блогы» және «Қоғамдық қабылдау» арқылы құпия ақпараттан басқа барлық өзін қызықтырған мәселелер бойынша кеңес ала алады.
-
Елордада үй кезегінде тұрған азаматтар мен ТҮҚЖБ-нің салымшылары баспаналы болды -
ТҮҚЖБ салымшылары үшін 15 мың пәтер салынады -
Латын әліпбиін пайдалануда бүгіннің өзінде еш кедергі жоқ - А.Қоңыров -
СҚО-да Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі салымшыларының арасында мың пәтер үйлестіріледі -
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларына 20 миллиард теңгеден астам өтемақы төленді -
Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің салымшылары 2016 жылдың сыйақысын алды -
Р. Асанбаева: ЭКСПО-2017 жер шарын сақтау үшін болашақтың энергиясын пайдалануда барлық әлемді біріктіреді -
БЖЗҚ Ақтөбе облысы бойынша салымшылары саны 488 мыңнан асты -
Қазақстандық соттар бейне конференциялық байланысты сәтті пайдалануда -
Қарағанды жол бөлімшесінде сигналдық өтпенің жаңа жүйесі тәжірибелік пайдаланудан өтуде – ҚТЖ -
В.Цзиньчжэнь: Қытай EXPO – 2017 көрмесінде энергияны пайдалануда инновациалық әзірлемесімен бөліседі -
АХҚО ЭКСПО көрмесінен кейінгі инфрақұрылымды пайдалануда «басты» жоба болмақ – Келімбетов -
«ТҚЖБ» АҚ салымшыларына несиелік тұрғын үй құрылысына «Бәйтерек» ҰБҚ» АҚ арқылы 149 млрд теңге бөлінеді -
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларынан өтемақы төлеуге байланысты қосымша келісімдер қабылдауды бастайды -
2016-2017 жылдары «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшыларына 24 млрд теңге көлемінде өтемақы төленеді