- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандықтар зейнетақы жүйесінде 7 трлн теңге жинақтаған
Қазақстандықтар зейнетақы жүйесінде 7 трлн теңге жинақтаған
2017 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтауларының жалпы сомасы 6,99 трлн теңгені құрады және жыл басындағы жағдаймен салыстырғанда 309,6 млрд теңгеге (немесе 4,6%-ға) ұлғайған. Осы ретте 2 маусымда қазақстандықтардың зейнетақы активтері 7 трлн теңгеден асқан.
2017 жылғы 5 ай ішіндегі зейнетақы жарналарының сомасы 300,6 млрд теңгені құраған. 2017 жылғы 5 ай ішіндегі міндетті зейнетақы жарналары бойынша түсімдердің орташа айлық мөлшері 57 млрд теңгеден асты.
2017 жылғы қаңтар-мамыр аралығындағы кезеңде БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерінің сомасы 106,03 млрд теңгені құраған, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі көрсеткіштерден 24%-ға (85,5 млрд теңге) асқан. Осы ретте, жүргізілген зейнетақы төлемдерінің 73,8%-ын (немесе 78,3 млрд теңгені) – зейнеткерлік жасқа жету бойынша төлемдер, 1,5%-ын (1,6 млрд теңгені) –1, 2-топ мүгедектігін алған адамдарға төленген мерзімсіз төлемдер; 6,9%-ын (7,3 млрд теңгені) – ҚР-дан тыс ТТЖ көшуге байланысты төлемдер, 8%-ын (8,4 млрд теңгені) – басқа да біржолғы төлемдер (мұрагерлерге және жерлеуге), 9,8%-ын (10,4 млрд теңгені) зейнетақы жинақтауларының сақтандыру ұйымдарына аударымдары құрайды.
Ағымдағы жылдың басынан бері салымшылардың шотына бөлінген таза инвестициялық кіріс 114,4 млрд теңгені құрады.
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Елорда тұрғындарының 82,5%-ы МӘМС жүйесінде сақтандырылған -
Халық санағында қазақстандықтар қандай сұрақтарға жауап береді -
Шетелдегі қазақстандықтар үшін eGov.kz-те 5 жаңа қызмет қолжетімді -
Қазақстандықтар жұмыспен қамту орталықтарының қызметтерін онлайн режимде ала алады