- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанға қай елден туристер көптеп келеді?
Қазақстанға қай елден туристер көптеп келеді?
«Еліміздегі туризм саласының көрсеткіштеріне тоқталатын болсақ, 2016 жылы ішкі саяхатта болғандар 9,6 млн адамды құрады, сондай-ақ мемлекетімізге сапарлаған шетелдіктер 6,5 млн адамға жетті. Статистикаға сүйенсек, шетелдіктердің 90 % Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан секілді ТМД елдерінен келгендер. Қалған 10 % Қытай, Түркия мен Иран және өзге мемлекеттердің азаматтары», - деп хабарлады А.Мұхамедиұлы.
Министр атап өткендей, осы ретте Қазақстан арқылы Өзбекстаннан, Қырғызстаннан, Тәжікстаннан Ресейге жол жүретін еңбек мигранттарына байланысты мәселелер туындауда.
«Қазіргі кезде ҚР ҰЭМ Статистика комитетімен, «Маккензи» мен «Реформатикс» компанияларымен, сонымен қатар ЮНВТО және Дүниежүзілік банк сарапшыларымен бірлесе туристерді тіркеудің әдістемесін өзгерту бойынша жұмыстарды жүргізудеміз»,-деді А. Мұхамедиұлы.
Статистикаға сәйкес, қазақстандықтардың 92% ТМД елдеріне, атап айтар болсақ Ресей, Қырғызстан мен Өзбекстанға, қалған 8% - Қытай, Түркия, еуропалық мемлекеттер мен өзге елдерге барады.
«Қазақстан бай туристік-рекреациялық әлеуетке ие бола тұра, туризмнің басымдықты түрлері үшін жеткіліксіз даму деңгейі байқалуда. Жаңадан енгізілетін түрлері «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы құндылықтарын насихаттауға ықпал ететін болады. Біздің ойымызша, Қазақстанның туристік қызметтерін өткізудің әлеуетті нарығына Ресей, Қытай, Түркия, Иран, Үндістан, Парсы шығанағы елдері және дамыған елдердің біршама үлесі қамтылуы мүмкін»,- деді ведомство басшысы.
2017 жылы Дүниежүзілік экономикалық форумның саяхат пен туризмнің бәсекеге қабілеттілігі индексіне сәйкес, Қазақстан 136 елдің арасында 81 орында тұр. Салыстыратын болсақ, 2015 жылы еліміз 85 орында, 2013 жылы - 88, ал 2011 жылы 139 мемлекеттің ішінде 93 позицияда тұрған еді.
Ақбота Күзекбай
-
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
COVID: Әлемде вирус жұқтырғандар саны көбейіп, қайтыс болғандар көрсеткіші артты -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасы: Қай өңірлерде қымбаттады -
ДСМ: Елде коронавирус жұқтырғандар саны азайып, жағдай тұрақталып келеді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
COVID-19: Әлемде жұқтырғандар мен қайтыс болғандар саны артты -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» аясында қандай іс-шаралар атқарылып жатыр