- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да 700 мыңға тарта халық сапалы ауыз сумен қамтылады
ОҚО-да 700 мыңға тарта халық сапалы ауыз сумен қамтылады
ОҚО әкімдігі хабарлағандай, осы мақсатта биылғы жылдың 15 ақпанында Қазақстан мен Өзбекстан Үкіметі өкілдерінің екіжақты ынтымақтастықты жетілдіру мәселелері жөніндегі бірлескен жұмыс тобы басқосқан болатын.
Аталған мәжілісте Өгем өзенінен көлемі секундына 3-3,5 текше метрге дейін суды бұрып аталған аудандардың тұрғындарына ауыз су ретінде пайдалану мәселесі қаралып, оң шешімін тапты. Ол үшін Қазығұрт ауданының Өгем ауылы тұсынан Өгем өзенінен құбыр арқылы су бұру жұмыстары жүргізілуі тиіс.
Айта кетейік, Өгем өзенінің басым бөлігі Қазақстан Республикасы аумағында орналасып көршілес Өзбекстан Республикасында ішінара орналасқан трансшекаралық өзенге жатады.
Бұдан бөлек, қазір облыста жер асты су қорын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы өңірде су қорын анықтауды қажет ететін 383 елді мекен болса, бүгінгі таңға соның 244-інде іздеу-барлау жұмыстары аяқталған. 2017 жылы 34 елді мекенде, ал 2019 жылға дейін қалған 105-інде тиісті жұмыстар атқарылады деп күтілуде. Бұл бағытқа 1,6 млрд. теңге бағытталған.Сондай-ақ биыл жаңадан 10 елді мекенді орталықтандырылған ауыз сумен қамту жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде ауыз сумен қамтылған елді мекендер саны 628-ге жеткізілетін болады. Бұл өңірдегі тұрғындарды қамту деңгейін 74,4%-ға көтереді.
Жалпы 2020 жылға 702 елді мекендерге ауыз су жүйесін жүргізіп, тұрғындардың қамту деңгейін 83,2% жеткізу жоспарлануда. Бұл ретте ауыз суды тұрғындарға үздіксіз 24 сағат беруге назар аударылатын болады.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
COVID-19: Әлемде халықты вакциналау қалай жүріп жатыр -
Халық санағы: Өту барысы, санақ бұрыштары, деректер базасындағы қателер