- Басты
- Жаңалықтар
- Бүгін - Парламент Сенатының сайлау алдындағы тыныштық күні
Бүгін - Парламент Сенатының сайлау алдындағы тыныштық күні
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасы Б.Имашев отырысты аша отырып, 26 маусымда сағат 00.00-де ҚР Парламент Сенатның депутаттығына үміткерлердің сайлау алдындағы үгіт жұмыстары аяқталатынын айтты.
ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына тіркелген үміткерлердің соңғы тізімі айқындалды. Облыстық, Астана мен Алматы қалалары сайлау комиссияларының мәліметтеріне сәйкес барлығы 38 үміткер тіркелді.
«Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында таңдаушылардың тізімдері жарияланды. Олардың деректеріне сәйкес, бос округтердің пайда болуына байланысты елімізде 28 маусымда сайлауға қатысатын таңдаушылардың саны- 3293.Таңдаушылардың саны бойынша басым аймақтардың қатарында Алматы (333), Шығыс Қазақстан (318) және Оңтүстік Қазақстан облыстары (312)», - деді Б.Имашев.
Астана мен Алматы қалаларында таңдаушылар саны төмен, тиісінше 25 және 36.
Дауыс беру пункттері «Сайлау учаскесінде, сайлау пунктінде дауыс беруге арналған үй-жайды жарақтандыру жөніндегі нұсқаулыққа» сәйкес толықтай қамтамасыз етілген.
Халықаралық байқаушылар қысқа мерзімді байқау жұмыстарын кірісті.
Отырыс соңында Б. Имашев сайлау науқаны «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға қатаң сәйкес жүзеге асырылып отырғандығын атап өтті.
Еске сала кетейік, осы сайлауда ҚР Парламенті Сенаты депутаттарын сайлаудың алдын ала қорытындаларын шығара отырып, таңдаушыларды электрондық тіркеу алғаш рет қолданылып отыр, аталмыш жүйе 8 маусымда ҚР ОСК отырысында көрсетілген болатын.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
ІІМ: Жол ережесі, жаяу жүргіншілердің тәртібі және «Полицейдің бір күні» жобасы -
Сайлау-2021: Бақылау комиссиясы қорытынды жасады -
Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Сайлау 2021: Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталды -
САЙЛАУ-2021: Өңірлерде қанша әкім сайланады -
Сайлау-2021: Кандидаттарды ұсыну тәртібі, кезеңдері және комиссия өкілеттерін нақтылау мәселелері -
Сайлау-2021: Ауыл әкімін сайлауды ұйымдастыру, кандидаттарды тіркеу және өту барысы