- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Нығматулин Сеул қаласында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді
Н.Нығматулин Сеул қаласында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді
«Еуразия аймағында ортақ мүдделер аясында парламентаралық ынтымақтастыққа ықпал ету» тақырыбында өтіп жатқан форум барысында алғашқы жүздесу Корея Республикасының Ұлттық Ассамблеясында өтті.
Мәжіліс Төрағасы Чунг Сэ Гюнмен парламентаралық үнқатысуды одан әрі ынталандырудың өзекті сұрақтарын талқылады. Қазақстан мен Корея арасындағы стратегиялық әріптестікке баса назар аударған Н. Нығматулин ЕАЭО үлкен мүмкіндіктерге жол ашатынын атап өтті. Чунг Сэ Гюн өз кезегінде біздің елімізбен ықпалдастықты тереңдетуге дайын екендіктерін жеткізді.
Ал, Ресей Мемлекеттік Думасы Төрағасы Вячеслав Володинмен жүздесуде интеграциялық бірлестіктер аясында ынтымақтастықты одан әрі нығайту сұрақтары талқыланды. Тараптар атап өткендей, Қазақстан мен Ресей басшыларының өзара белсенді іс-қимылы қос мемлекет арасында орнаған берік достық әрі стратегиялық қарым-қатынастың жарқын көрінісі.
Сондай-ақ, Қазақстан мен Армения парламенттері арасындағы байланысты дамытуға достық тобы барынша ықпал ететін болады. Оның құрамы таяу уақытта Арменияның Ұлттық жиналысында бекітіледі. Бұл туралы Ұлттық Жиналыс төрағасы Ара Баблоян Мәжіліс Төрағасы Н. Нығматулинмен кездесу барысында мәлімдеді. Одан әрі екі елдегі саяси өзгерістер төңірегінде әңгіме өрбіді.
Армения парламенті өкілдері Қазақстан Президенті ұсынған конституциялық реформа қазақстандық қоғамды одан әрі демократияландыру жолындағы кезекті маңызды қадам екенін атап өтті.
А. Баблоян Астанада өтіп жатқан ЭКСПО көрмесіне жоғары баға берді.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Еліміздің бес қаласында жаңа шектеу шаралары күшіне енді -
Нұр-Сұлтан қаласында күн сайын 00.00-ге дейін вакцинациялау жүріп жатыр -
Бекшин Алматы қаласында шектеу шараларының жеңілдеу себебін түсіндірді -
Нұр-Сұлтан қаласында «Құнанбай» спектаклінің премьерасы өтті -
Нұр-Сұлтан қаласындағы эпидахуал өткен жылдың жаз айларындағы жағдайға ұқсас -
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері баспасөз мәслихатын өткізді -
Қазақстан бірқатар мемлекетке рейстер санын арттырмақ -
Сайлауалды үгіт-насихат: Өңірлердегі кездесулер жалғасуда -
Үгіт-насихат жұмыстары: Өңірлердегі кездесулер, алғаш дауыс берушілермен жүздесу -
Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары: өңірлердегі тұрғындармен кездесулер өтті -
Елдегі эпиджағдай: Бірқатар аймақта карантин шаралары жеңілдетілуде -
COVID-19: Еліміздің бірқатар аймағында шектеу шаралары енгізілсе, әлем елдері локдаунға қайта оралып жатыр -
Ведомствоаралық комиссия мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша бірқатар шешім қабылдады -
Алматы қаласында пандемия кезінде кәсіпкерлер саны 6000-ға өсті