- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағандыда «Өлкетану» оқулығының тұсаукесері өтті
Қарағандыда «Өлкетану» оқулығының тұсаукесері өтті
«Өлкетану» оқулығын құрастырушылар Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ қызметкерлері: география кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Қадірбаева Дидар Артықбайқызы мен Қазақстан тарихы және Қазақстан халқы ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Жұмабеков Жамбыл Азмұханұлы.
Қарағанды облысының әкімдігі хабарлағандай, 71 беттен тұратын кітапта Қарағанды облысының географиялық ерекшеліктеріне сипаттама берілген: аумақтық орны, геологиялық құрылымы, топырағы, пайдалы қазбалар кен орындары мен су ресурстары, экономикалық және әкімшілік ерекшеліктері. Жануарлар мен өсімдіктер әлемі, өңірдегі экологиялық жағдай, жергілікті туризм мүмкіндіктері туралы ақпарат ұсынылған.
Кітаптың екінші жартысында облыс аумағында 18-20 ғасырларда жүргізілген тарихи және этнографиялық зерттеулер бойынша экскурс бар, тарихи-мәдени ескерткіштер мен Сарыарқа топонимикасының ерекшеліктері сипатталған. Оқу құрал «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бағдарламалық мақаласында айтылған өскелең ұрпақтың кіші отанға деген сүйіспеншілігі оның географиясын, тарихын, мәдениетін, кешегісі мен бүгіннін зерттеу және тану арқылы дамыту бойынша идеясын іске асыруға бағытталған.
«Бұл «Өлкетану» оқулығының жазылу себебі – Елбасымыз: «Өркениетті дамытатын ғылым, және ғылымның бірден бір саласы тарих»,- деген. Сол тарих арқылы жас ұрпақты ұлтжандыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеудің маңызы зор. Бұл «Ұлт жоспарын іске асырудың 100 қадамы» деп аталатын бағдарламала негізге алынған, онда осы «Өлкетануды» оқытуды бағдарлама ретінде қолға алу мәселесі қарастырылған», – дейді оқулықты құрастырушы Дидар Қадірбаева.
Жақын уақытта мектеп оқушылары үшін орыс тілінде ұқсас басылымды, сонымен қатар жоғары оқу орындары үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде оқу құралдарын шығару жоспарланады.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
«Айбынды ардагерлер» акциясы өтті -
Елордада «Жеңіс салтанаты» концерт-спектаклі өтті
-
Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналған концерт онлайн өтті -
Елордада Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған кездесу өтті -
Мәскеуде Қазақстан мен Ресей әріптестігінің 30 жылдығына орай конференция өтті -
Нұр-Сұлтан қаласында «Құнанбай» спектаклінің премьерасы өтті -
Қорғаныс министрлігінде Қауіпсіздік Кеңесі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті -
Елордада «Абай» альбомының тұсаукесері өтті -
30 жыл: Елордада «Болашақ» бағдарламасының түлектерімен кездесу өтті -
Елордада Әлихан Бөкейханның 155 жылдығына орай ғылыми конференция өтті