• Басты
  • «Даму» қоры шамамен 30 мың кәсіпкерге қолдау көрсетті
26 Маусым, 2017 20:21

«Даму» қоры шамамен 30 мың кәсіпкерге қолдау көрсетті

«Даму» қоры шамамен 30 мың кәсіпкерге қолдау көрсетті және 2007 жылдан бастап 2017 жыл аралығында 3 мыңнан астам адам өз білімін жетілдірді, деп хабарлады Қордан.

«Даму» қоры шамамен 30 мың кәсіпкерге қолдау көрсетті | Strategy2050.kz

«Екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдары арқылы 1,5 млрд теңгенің 31 мың жобасы жеңілдікпен несиелендірілді. Кәсіпкерлердің 9,7 мың жобасы 1 трлн 811 млрд теңгеге субсидияланды. Кепіл мүлкі жетіспеген кәсіпкерлердің 3 мың жобасы 104,3 млрд теңгеге кепілдеме алды. 3,3 мыңға жуық кәсіпкер оқыды», -деп хабарлады  «Даму» Қорының Басқарма төрағасы Абай Сарқұлов.

Тек қана 2016 жылы «Даму» қорының қолдауын алған кәсіпорындар 4 трлн теңгенің өнімін шығарып, қызметін көрсеткен. 253 млрд теңге салық төлеп, 26 мың жұмыс орнын ашты. Осылайша бизнеске салынған әрбір 1 теңге салық түрінде 4 теңге болып қайтқан. 2016 жылы Қордың жеке капиталы 100 млрд теңгеге жуықтап (98,7 млрд), Қазақстан банк секторының жалпы сомасының 3,5% құрады. Қор активтері 349,4 млрд теңгені құрайды. Бұл – Қазақстан банктері активінің жалпы сомасының 1,4%-ы.

«Даму» қоры алдағы жылдары дамудың бірнеше бағытын көздеп отыр. Атап айтқанда: көрсетілетін барлық қызметтерді толықтай автоматтандыру, қаржы супермаркетін құру, микроқаржыландыру, ісін жаңа бастаған және бизнесі бар кәсіпкерлерді оқыту.

Келесі жылдан бастап Қор барлық құралдары бойынша «бір терезе» тәртібін енгізбек. Кәсіпкер интернет, ұялы байланыс, әлеуметтік желі, электронды пошта секілді байланыс құралдары арқылы өтінім бере алады. Қор клиенті үшін бұл - өтінім беру, қарау уақытын үнемдеуге таптырмас мүмкіндік. Осының арқасында ол өзіне тиімді ұсынысты қабыл алып, өтінімді online күйінде бақылай алады.

Қор қолданып жүрген egov электронды порталы арқылы кепілдеме алу қызметі аясын кеңейте түсу де жоспарда бар. Алдағы жылы субсидиялауды да автоматтандыруға қол жеткізілмек. Өткен жылы көктем айында «Даму» Қоры несиелерге кепілдемені еgov порталы арқылы автоматты түрде беруді іске қосқан еді. Бұл - онлайн режимде қаржылық көмек беретін тұңғыш қазақстандық қызмет түрі. Қазіргі күні портал арқылы 136 өтінім түсіп, 109-ы мақұлданған. Автоматтандырудың арқасында қағазбастылықтан арылып, кепілдік алу мерзімі жеделдеп қана қоймай, онлайн-трекинг бойынша өтінім берілгендіктен, қарастыру сатылары жариялы түрде көрсетіліп отырады.

«Даму» қоры шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа құралдарын енгізбек. Оның ішінде зияткерлік меншік алу бойынша келісімдерді қаржыландыру; жаңа экономиканы, яғни электронды коммерция, сандық платформалар мен экожүйелерді қаржыландыру; ислам қаржы құралдары; краудфандинг пен краудинвестинг, сондай-ақ мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында шағын және орта жобаларды қаржыландыру бар.

2017 жылдан бастап «Даму» қоры Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасының операторы болды. Бұл бағдарлама бойынша микро несиелер тұңғыш рет «Даму» Қорының кепілдігін алатын болады. Бұл - жұмыссыз және нәтижелі жұмыспен қамтылған халықтың мәселесін шешуге мүмкіндік бермек. Қалалардағы микро несиелер «Даму» Қоры арқылы бизнесі бар кәсіпкерлер үшін микронесие сомасының 50 пайызына дейін, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін 85 пайызға дейін беріледі.

Ал, 2017 жылдың көктемінде Қордың «Асылдар» атты жаңа қанатқақты жобасы іске қосылды. Бұрыннан ісі жүріп тұрған бизнеске қолдау көрсетуді көздейтін бұл жоба шағын және орта кәсіпкерлікке диагностика жасауға көмектеседі. Атап айтқанда команияның мықты және әлсіз тұстарын анықтап, бизнестің дамуын тежеп тұрған себептерді белгілейді. Жобаға қатысушыларға диагностика қорытындысы бойынша Жол картасы мен әрекет ету жоспары жасалып, сарапшылық консалтинг, тренингтік қолдау көрсетіліп, шет елге сапар және қаржылық қолдау алуға кеңес беріледі.

Сонымен қатар, Астана, Алматы, Павлодар, Атырау қалаларының  ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлері үшін жергілікті университеттер жанынан «Стартап Академиялар» ашылып, іс бастаған кәсіпкерлерге бизнес-идеядан бастап нарыққа шыққанға дейінгі кешенді тегін қолдау көрсетіледі. Яғни, тек консалтингтік және ақпараттық қолдау емес, инвестор тарту, Қордың қаржылық бағдарламаларына өтінім беруге және мемлекеттік грант алуға қолғабыс етіледі. Қазірдің өзінде 100 шақты адам оқып, жаңа 10 кәсіпорын құрылды. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды