«Цифрлық Қазақстан» : Үкіметте жұмыс орындарын құру мәселесі талқыланды

26 Маусым, 2017 19:35
Үкіметте «Цифрлық Қазақстан» аясында жұмыс орындарын құру мәселесі талқыланды, деп хабарлады primeminister.kz.

Үкімет үйінде Қазақстан Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жобасына қатысты мәселелер бойынша кеңес өткізді.

Жаңа мемлекеттік бағдарлама ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен технологиялық жаңартуға бағытталған.

Кеңес барысында бағдарламаның маңызды бағыттары мен жаңа жұмыс орындарын ашу, еңбек өнімділігін арттыру мәселелері талқыланды.

Барлық жаңалықтар