- Басты
- Жаңалықтар
- Судья болып жұмыс істеу үшін жоғары заңгерлік білім жеткіліксіз - Ж. Дүйсенова (ВИДЕО)
Судья болып жұмыс істеу үшін жоғары заңгерлік білім жеткіліксіз - Ж. Дүйсенова (ВИДЕО)
Жанар Дүйсенова атап өткендей, сот төрағасы болып жұмыс істеу үшін бүгінде жоғары заңгерлік білім жеткіліксіз.
«Ал, оларды іріктеу бойынша тәртіпті қатайтуға келетін болсақ, мен жас сот төрайымы ретінде оның барлық іріктеу кезеңдерінен өттім. Себебі менің еңбек өтілім 1 жыл 2 ай. Біздің заңнамада сот төрағасы болып жұмыс істегісі келетіндерге талапты күшейтті. Осы ретте, сот жүйесі алдында қойылған міндеттер үлкен серпіліс берді. Бүгінде сот төрағасы болып қызмет ету үшін жоғары заңгерлік білім жеткіліксіз. Нақты талаптар бар: сот отырысының хатшысы немесе прокурор ретінде 5 жылдық еңбек өтілі болуы шарт. Ал, сот қызметіне еш қатысы болмаған тұлға бұл лауазымға ешқандай үміт арта алмайды. ҚР Жоғарғы сотының жанындағы Әділет академиясы түлектеріне үлкен басымдылық берілген. Олар Академияға оқуға түскеннен кейін жұмысын сот саласында жалғастыра береді және байқауларға қатысады», - деді Ж. Дүйсенова.
Сонымен қатар, соттың аса өнегелі адам болуы шарт. Сот төрайымының айтуынша, аталмыш жағдайда оның отбасылық жағдайы, оның әділеттікті орнату бойынша жауапкершілікті өз мойнына алуға лайықты болуы тексеріледі.
Бұдан басқа, жас сот төрайымы қызмет барысында қандай қиындықтармен бетпе-бет келетіні туралы айтып берді.
«Сот қызметі аса жауапты. Жасыратыны жоқ, қиындықтар туындап жатады. Азаматтық істерді алмағанда кей жағдайларда қалай әрекет етуді білмей дал боласын. Әрі жаңадан тағайындалған сотқа тәлімгер бекітіледі, олардың кем дегенде сот қызметі саласында бес жылдық еңбек өтілімі болады. Ол жаңадан қызметіне кіріскен жас маманға жұмысты ұйымдастыруға және басымдықтарды анықтауға көмектеседі», - деп атап өтті ол.
«Байқауға қатысу үшін немесе пленарлы отырыста оң баға алу үшін тәжірибеден өту керек. Тәжірибені аудандық соттарда бір жыл бойы өтесін. Бұл тәжірибе ақылы. Бұл өте жақсы тәжірибе, ол жас маманға осы салада қызмет еткісі келетінін түсінуге мүмкіндік береді», - деп толықтырды спикер.
Ақбота Күзекбай
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары