- Басты
- Жаңалықтар
- Израиль павильоны «Баламалы энергетика» атты дизайнерлік жұмыстар байқауын өткізуде
Израиль павильоны «Баламалы энергетика» атты дизайнерлік жұмыстар байқауын өткізуде
22-26 маусым аралығындағы кезеңде ЭКСПО-2017 көрмесінің израильдық павильонында «Тильтан» дизайн және визуалды коммуникациялар колледжінің (Израиль) және Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері интерактивті семинарға қатысты.
Олардың бірлескен жұмысының мақсаты – баламалы энергия түрлері саласында дизайнерлік шешімдер іздеу және оларды визуалдандыру. Семинарға Израильден 20 студент және Қазақстаннан 11 студент қатысты. Семинар қорытындылары бойынша жас дизайнерлер өз жобаларымен таныстыратын болады.
Байқаудың қазылар алқасының құрамында «Тильтан» колледжінің ректоры Эрез Исахаров, Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА профессоры Зинидин Исниязов, белгілі қазақстандық суретшілер Асхат Ахмедьяров пен Серік Бүксіков, сәулетші-дизайнер Сергей Тюрин бар.
«Біздің студенттеріміздің жұмыстарының көрмесі Миландағы ЭКСПО көрмесінде үлкен жетістікке ие болды және осыған байланысты, біздің колледж Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесінің жұмысына қатысуға шақыруды қуана қабылдады. Семинардың негізгі идеясы – дизайн мен визуалды коммуникациялар әлемінде инновациялар алмасу үшін ашық болу және баламалы энергетика тақырыбын ілгерілетуге қатысу», − деп атап өтті колледж ректоры Эрез Исахаров.
-
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Халық санағына дайындық жұмыстары қалай жүргізілуде -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды