- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Финляндия парламентаралық ынтымақтастықты талқылады
Қазақстан мен Финляндия парламентаралық ынтымақтастықты талқылады
Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Б.Бекназаровтың Финляндия Республикасы Парламентінің депутаты, Қазақстанмен парламенттік ынтымақтастық тобының мүшесі Ээро Хейнялуомамен кездесуінде екі елдің парламентаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Парламентшілердің кездесуі «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесін өткізу аясында өтті. Ээро Хейнялуома Қазақстан павильонында болып, Б.Бекназаровпен ЭКСПО туралы оң әсерлерімен бөлісті.
«Біз өте үлкен әсер алдық. Ғажап павильон, сіздер көрме өткізуге ауқымды жұмыстар атқарыпсыздар» , - деді ол.
Сенат вице-спикері Финляндияға халықаралық ЭКСПО көрмесін өткізуге арналған конкурста және 2017-2018 жылдарда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелерін сайлауда Қазақстанның кандидатурасын қолдағаны үшін алғысын білдірді.
«Мүмкіндікті пайдалана отырып, Сізді және Суомидің барлық тұрғындарын алдағы мерекеленетін ел тәуелсіздігінің 100 жылдығымен құттықтаймын. Сіздер ғасырды экономикасы дамыған және халқының өмір сүру деңгейі жоғары мемлекет ретінде еңсеріп келесіздер» -, деді Б.Бекназаров.
Тараптар сондай-ақ парламентаралық ынтымақтастықты, гуманитарлық әрекеттестіктерді және экономикалық әріптестікті тереңдету перспективаларын талқылады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды