- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да 600-ден астам ауыл шаруашылығы кооперативі құрылады
ОҚО-да 600-ден астам ауыл шаруашылығы кооперативі құрылады
Елімізде биыл қабылданған «АӨК дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы" аясында Оңтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 473 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылған. Бұл кооперативтерге 52 мыңнан астам ұсақ шаруа қожалықтары біріккен.
Қазығұрт ауданындағы «Ханшайым» кооперативі мал бордақылап, оның етін өткізумен айналысады. Сексенге жуық мүшесі бар кооперативте бүгінде 1000-нан астам ірі қара бордақылануда. Сонымен қатар, оның меншігінде 50 басқа арналған мал сою бекеті мен арнайы қоймалар бар.
Мемлекеттен жеңілдікті несие алу ісі қолжетімді бола түскенін айтқан кооператив төрағасы Сырым Ертаев дайын өнімді өткізуде кедергілер жойылып, етті экспорттауға мүмкіндік молайғанын атап өтті.
"Бүгінде мал етін өткізу үшін еліміздің өзге аймақтарынан бөлек, Өзбекстан және Ауғанстанмен келіссөздер жүргізілуде. Сонымен қатар, кооператив мүшелері мемлекет тарапынан берілетін субсидия мен жеңілдікті несиелер алу үшін құжаттар дайындау үстінде", - деді ол.
Жалпы, 2021 жылға дейін ОҚО-да 90 мыңға жуық жеке шаруа қожалықтарын біріктіретін 600-ден астам кооператив құрылады деп жоспарлануда.
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады