- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандықтар МӘМС аясында жеке меншік клиникаларға жүгіне алады
Қазақстандықтар МӘМС аясында жеке меншік клиникаларға жүгіне алады
«Қазақстанда 2 мың мемлекеттік және 1926 жеке меншік емхана жұмыс істейді. Олар медициналық көмек көрсету алаңын ұтып алу байқауына қатысады. Сәйкес қондырғылары мен дәрігерлер мамандандырылған, рұқсат алатын жеке меншік клиникалалар медициналық қызметті мемлекеттікпен бірдей дәрежеде көрсетеді», - деді Қ.Омаров.
Осылайша, жеке меншік емханалар скринингтік тексерістен өтіп, есеп дайындайтын болады.
Қ.Омаровтың айтуынша, мемлекеттік емханаларда міндеттер өте көп.
«Мемлекеттік емханаларда неге адам саны өте көп? Кезек қалай пайда болады? Себебі, олардың міндеттері бастан асады. Олар рецепт жазып береді, бізде дерттің 47 түрі бар, оларға мемлекет тегін рецепт жазып береді. Оларға барынша көңіл бөлу керек. Ертең жеке меншіктегілер де тура осы қызметті атқарады. Бұл емдеу шекарасы кеңейеді деген сөз. Біз халыққа медициналық көмекті жақындата түсеміз», - деді Қ.Омаров.
Оның айтуынша, егер де тұрғындар мемлекеттік емханаға барғылары келмесе, МӘМС-мен келісімге отырған жеке меншікке барады, олар сол жерде көмек алуға толық құқылы. Ал, егер жеке емхана МӘМС- мен келісімге отырмаса, рұқсат алмаса емдеу үшін өз қалтасынан төлеуге тура келеді.
Айта кетейік, Strategy2050.kz ақпараттық-сараптамалық порталы «Астана радиосынан» (101.4 FM) тікелей эфирде Пікірталас клубы форматында жаңа жобаны іске қосты.Бүгін бағдарламаға қатысушылар Міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізуді талқылап жатыр.Жобаның онлайн көрсетілімі Strategy2050.kz порталы мен Facebook-тегі ресми парақшасында көрсетілді.
Бақытгүл Шәркенова
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады