Емханалар арасында бәсекелестік болуы керек – Э.Байжүнісов

23 Маусым, 2017 18:06
Емханалар арасында бәсекелестік болуы керек.Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ҰАҚ басқарушы директоры Эрик Байжүнісов Strategy2050.kz ақпараттық агенттігі ұйымдастырған Пікірталас клубы барысында мәлімдеді.


«Егер де науқастардың көп бөлігі мемлекеттік емханаға қарағанда жеке меншікті көп таңдаса, ол өзінің менеджменті мен қызметін  жақсартуы  керек. Егер де бәсекелестікке  шамасы келмесе  болашақта  оны аталмыш жеке меншік емханаға беруге тура келеді», - деді Э.Байжүнісов.

Айта кетейік, Strategy2050.kz ақпараттық-сараптамалық порталы «Астана радиосынан» (101.4 FM) тікелей эфирде Пікірталас клубы форматында жаңа жобаны іске қосты.Бүгін бағдарламаға қатысушылар  Міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізуді талқылап жатыр.Жобаның онлайн көрсетілімі  Strategy2050.kz порталы мен Facebook-тегі ресми парақшасында көрсетілуде.

Бақытгүл  Шәркенова 

Барлық жаңалықтар