Сақтандыру аясындағы қызмет көлемі жалақының деңгейіне тәуелсіз

23 Маусым, 2017 17:36
Сақтандыру аясындағы қызмет көлемі жалақының деңгейіне тәуелсіз. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ҰАҚ басқарушы директоры Эрик Байжүнісов Strategy2050.kz ақпараттық агенттігі ұйымдастырған Пікірталас клубы барысында мәлімдеді.

«Жалақыға қатысты болмайды. Салымдардың тәуелсіздігі – міндеттемелердің бірдейлігі. Қорытындысында, барлық азамат  бірдей көлем мен сапалы медициналық көмекке ие болады», - деді ол.

Оның айтуынша,  салым төленген соң  сізге қажетті барлық  қызметтің  топтамасы  ұсынылады. 

Айта кетейік,  Strategy2050.kz ақпараттық-сараптамалық порталы «Астана радиосынан» (101.4 FM) тікелей эфирде Пікірталас клубы форматында жаңа жобаны іске қосты.Бүгін бағдарламаға қатысушылар  Міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізуді талқылап жатыр.Жобаның онлайн көрсетілімі  Strategy2050.kz порталы мен Facebook-тегі ресми парақшасында көрсетілуде.

Бақытгүл Шәркенова 

Барлық жаңалықтар