• Басты
  • Мұнай державалары жасыл экономикаға жәрдемдесуге дайын ба? (ЭКСКЛЮЗИВ)
23 Маусым, 2017 16:51

Мұнай державалары жасыл экономикаға жәрдемдесуге дайын ба? (ЭКСКЛЮЗИВ)

АҚШ-тың БҰҰ-дағы экс-елшісі, АҚШ-тың энергетика экс-министрі Билл Ричардсонның пікірінше, «жасыл экономиканы» дамытуды мемлекеттік қолдаумен қатар, оған жеке бизнес секторын да тарту қажет, бұл туралы ол Астанада өткен XIV Еуразиялық медиа форумда хабарлады, сондай-ақ Startegy2050.kz АА тілшісіне берген сұхбатында баламалы энергия көздерін атап өтіп, мұнайдың баға саясатына болжам жасап, Қазақстан туралы өз ойын білдірді.

Мұнай державалары жасыл экономикаға жәрдемдесуге дайын ба? (ЭКСКЛЮЗИВ) | Strategy2050.kz

Жыл сайын Еуразиялық медиа форум алаңында үздік саясаткерлер, ғалымдар, көшбасшылар, журналистер, публицистер, футурологтар жиналып, ғылымның әр түрлі салаларындағы сараптамалық пікірлерімен бөліседі. Бүгінгі таңдағы маңызды және қызықты тақырыптардың бірі адамзаттың «жасыл экономикаға» көшуі болып табылады. Бұдан «осы өзгерістердің барлығын, жасыл экономиканы, жасыл энергетиканы кім қаржыландырады?» деген сұрақ туындайды. Қазіргі уақытта жаңартылатын энергия көздері мұнайға байланысты. Энергетика экс-министрі Билл Ричардсон өз сөзінің бірінде мемлекет субсидияларынан басқа мұнай компанияларын да тарту керектігін айтып өтті.

«Барлық жерлерде қазбалы отын түрлеріне емес, табиғи газ бен ЖЭК-ке қарай бұрылыс орын алып жатыр. Менің ойымша, елдер бейімделуі керек. Әлемде қазбалы отын түрлері көп жылдар бойы мемлекеттік субсидияларға ие болған, жаңартылатын энергия көздерінде де солай болуы тиіс. Мысалы, Еуропада жаңартылатын энергия көздерінің ауқымды инвестициялары жұмыс істеуде. Мемлекеттік сектордан басқа, жеке меншік секторын да тарту керек деп ойлаймын. Осы екі көзден ЖЭК-ке қаражат бөлудің маңызы бар, осылайша, жаңа жұмыс орындары ашылады», - деді Б. Ричардсон.

Онымен келіспеуге болмайды, себебі маңызды рөл атқаратын мемлекет тарапынан дотация мен қаржыландырудан басқа, ЖЭК-ке көшуге инвестициялауға жеке бизнесті де тарту қажет. Алайда, көп жағдайда олар үшін бұл «жасыл» тақырып қызығушылық туғызбайды, оларды қалай қызықтыру керек, басты мәселе осыда. Форумға қатысушылар осы сұрақ бойынша пікірталас жүргізіп, ЖЭК-ке көшу үшін осы түсінікті ілгерілету керек деген қорытындыға келді. Олардың пікірінше, бизнесті дұрыс ақпараттандыру керек, бұл көптеген компаниялар үшін шын мәнінде пайдалы.

Сонымен қатар, біз Ричардсон мырзадан Қазақстан, ЭКСПО туралы ойын, сондай-ақ қазіргі уақытта көбін алаңдатып отырған ең маңызды сұрақ – мұнай бағасының қалай өзгеретіні туралы болжамын сұрап білдік. 

«Мен мұнда АҚШ-тың энергетика министрі ретінде бесінші рет келіп отырмын. Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескенім есімде. Астанаға алғаш рет 15 жыл бұрын келген едім, содан бері орасан зор өзгерістер болғанын көріп отырмын, биік әрі әдемі ғимараттар пайда болған. Қазақстанда экономика жақсарған, ол мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастарда ірі қатысушылардың біріне айналды», - деп бөлісті Б. Ричардсон.

Сондай-ақ, ол Еуразиялық медиа форум өзінің әлемдегі қамтуы мен маңыздылығы бойынша өте ірі форумға айналғанын да атап өтті.

«Бұл форум өте ауқымды, мұндай конференциялар көптеген проблемалардың шешілуіне ықпал етеді. Бүгін біз Сирия бойынша дауды да, энергетиканы да талқыладық. Қазақстан болашақта көшбасшыға айналып, әлемде жоғары орынға ие болуы мүмкін. Қазақстан осы салада жақсы жұмыс атқарып жатыр деп ойлаймын», - деп атап өтті АҚШ-тың энергетика экс-министрі.

Қара алтын бағасына қандай болжам беретіні және АҚШ мұнай бағасын түсіре отыра неге сенім артатыны туралы сұраққа ол былай деп жауап берді:

«АҚШ бағаны түсірмейді. АҚШ мұнай бағасын маркет өзі анықтайтынын, яғни мұнай бағасы сатып алушы үшін де, жеткізуші үшін де оңтайлы болғанын қалайды. Мұнайдың ең лайықты бағасы бір баррель үшін 60 доллар деп ойлаймын. Бірақ қазір ол шамамен 45-50 доллар шегінде. Мұнай бағасы тұрақты, шамамен бір баррель үшін 50 доллар болады деп ойлаймын», - деп жауап берді Ричардсон мырза.

Сондай-ақ ол баламалы энергия көздері туралы, болашақта мұнайды не ауыстыруы мүмкін екені жайында айтып берді.

«Меніңше, бұл күн энергиясы және жел энергиясы. Дамушы елдер үшін күн және жел энергиясы ең лайықты деп санаймын. Мысалы, Германияда қазір энергияның 30 %-ын күн энергиясы құрайды, сондай-ақ АҚШ-та да күн және жел энергиясы ілгерілетілуде», - деді Б. Ричардсон.

Әңгіме соңында ЭКСПО-2017 көрмесі жайында сұрамауымыз мүмкін емес.

«Қазақстанды ЭКСПО-2017 көрмесімен құттықтаймын. ЭКСПО Қазақстанға жаңартылатын энергияны дамытуға ықпал етеді. Дүниежүзілік картада Қазақстан осы салада көшбасшы орын алуы мүмкін. Қазақстанның ЭКСПО көрмесін өткізіп отырғаны құрметтеуге тұрарлық жайт. Қазақстанға ЖЭК-ті дамыту бойынша алға қарай ілгерілеуді тілеймін», - деп түйіндеді Б. Ричардсон.

Бүгінде әлем бойынша жаңартылатын энергия көздерінің үлесі өсіп келеді және одан әрі өсе бермек, бұл адамдардың өмір сүру сапасын ғана емес, сонымен қатар жалпы планетамызды да жақсарта түсудің жаңа мүмкіндіктері. Өзімізге ресурстарды өндіре отыра, біз планетаға қаншалықты зиян келтіретінімізді болашақта мұнай компаниялары ғана емес, барлық адамдар түсінеді деген сенімдеміз. Жер бетіндегі тіршілік гүлденіп, ал жаңартылатын энергия көздері осыған жәрдемдеседі деп үміттенеміз. Жаңа – «жасыл» технологиялар – әлемді және біздің түсініктерімізді өзгертеді.

Қайрат Жандыбаев

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды