- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да «Ырыс» микроқаржылық ұйымы биыл 1573 жобаны қаржыландырған
ОҚО-да «Ырыс» микроқаржылық ұйымы биыл 1573 жобаны қаржыландырған
Оңтүстік Қазақстан облысындағы кәсіпкерлерге қолдау көрсетуде «Ырыс» микроқаржылық ұйымының еңбегі орасан.
Аталған ұйым жыл басынан бері жалпы соммасы 3 946,2 млн теңгені құрайтын 1573 жобаны қаржыландырып үлгерген. Соның ішінде 2 582,9 млн теңгені құрайтын 901 жоба мал шаруашылығына тиесілі болса, көктемгі егін егу-жинау жұмыстарын ұйымдастыру үшін 1 133,3 млн теңгені құрайтын 618 жобаға қолдау көрсетілген.
Бұдан бөлек, жылыжайды кеңейту және құрылысын салу да «Ырыс» микроқаржы ұйымының жоспарлы қаржыландырылуына еніп, бұл саладағы 38 жобаға 134,7 млн теңге несие берілген.
Сондай-ақ ұйым тарапынан құс шаруашылығы бойынша жалпы сомасы 32, 3 млн теңгелік 5 жоба қолдау тапқан. Ал ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді ұйымдастыруға 5 млн теңге несие бөлінсе, нан – тоқаш өнімдерін шығару үшін 2 жоба мақұлданып, кәсіпкерлерге 16 млн теңге, өндірістік қызмет үшін 12 млн теңге қаражат берілген. Сонымен қатар сауда және қызмет көрсету саласы үшін 6,0 млн теңге қаржы бөлінген. Балабақша ашу үшін 4 жоба мақұлданып, жоба иесі 24 млн теңге несиеге қол жеткізген.
-
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Электр энергиясы мен газ: Биыл тариф қалай қалыптасады -
Микроқаржы ұйымынан несие алу: Кімге беріледі және шарттары қандай -
Биыл «Мерейлі отбасы» байқауы мен «Дарын» жастар сыйығын беру қалай ұйымдастырылады -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 158 мыңға жуық адам қатысты -
Биыл түлектер ҰБТ-ны қалай тапсырады -
Мәдениет және спорт саласындағы өзгерістер: Биыл қандай шаралар өтеді -
ЖЭК-ті дамыту: ЖЭК үлесін 10%-ға жеткiзу, аукцион жүйесі және биыл іске қосылатын нысандар -
Генерал-лейтенант: Биылғы міндет – бірде-бір сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу -
2020 жылы Қазақстанның Даму Банкі қаржыландырған кәсіпорындар 1 трлн теңгенің өнімін экспорттады -
Биыл Жамбыл облысындағы әлеуметтік көмектер мен оңалту құралдары портал арқылы берілмек