- Басты
- Жаңалықтар
- З.Тұрысбеков Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды
З.Тұрысбеков Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды
Сондай-ақ, Елбасы осыған дейін аталмыш лауазымда қызмет атқарған Талғат Мамашевқа алғыс айтты.
Өз кезегінде, ДҚҚ төрағасы болып Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қайта сайланды.
«Жанымда отырған Талғат Мамашев 2004 жылдан бастап қызмет атқарып келеді. Біраз жұмыс істелді. Сырттағы отандастарымызбен рухани-мәдени байланыстар нығая түсті. Мен енді осы орынға Зауытбек Тұрысбековты ұсынғым келеді. Тәуелсіздік жылдары ішінде менің тапсырмаммен талай жауапты қызметтер атқарды. Ысылған, тәжірибелі. Кезінде қазақтың Көші-қон демография агенттігін басқарды. Облыстарда әкім , Ішкі істер министрі болды. Мемлекеттік қызмет істері агенттігін де басқарды. Ең негізгісі қандастарымыз ең көп тұратын Ресей мен Өзбекстанда елші болды. Олардың жағдайын жақсы біледі», - деді Елбасы.
Оған қоса, құрылтай делегаттары Зауытбек Тұрысбековтің кандидатурасын бірауыздан қолдап дауыс берді.
«Үлкен сенім үшін көп рахмет. Бұл қызмет әр қазаққа бөлек дүние. Мен көп сөйлемеймін, істің адамымын. Ертеңгі күні бәрін іспен дәлелдеймін», - деді төрағаның жаңа бірінші орынбасары.
Ақбота Күзекбай
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
14 маусым - Дүниежүзілік донор күні: Қан тапсыру қауіпті ме -
ЮНФПА-ның Қазақстандағы құрметті елшісі тағайындалды -
Екінші дүниежүзілік соғыс: ақиқат пен ақтаңдақ -
2021 жылдың бірінші тоқсанында 683 мыңнан астам адам АӘК алды -
COVID-19: "Пандемияның екінші жылы біріншісінен қиын болуы мүмкін" -
Мамин қайтадан Премьер-министр болып тағайындалды -
Тоқаев жетінші шақырылған ҚР Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды -
Cайлау-2021: Үкімет басшысы, Сенат Төрағасы, Мемлекеттік хатшы алғаш болып дауыс берді -
Ақберен Елгезек: Президент құр сөз болып қалатын дүниелерді емес, орындалуы тиіс нақты істерді айтты -
1 желтоқсан – дүниежүзілік АИТВ/ЖИТС-пен күрес күні -
"Әліппе" оқу бағдарламасына қашан енгізіледі -
Денсаулық сақтау министрі алғаш болып тұмауға қарсы екпе салдырды
-
Eрлан Қaрин ҚР Прeзидентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды