- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-да облыстық мақсаттағы 600 км жол жөндеуден өтеді
ШҚО-да облыстық мақсаттағы 600 км жол жөндеуден өтеді
Әкімдіктен хабарлағандай, өңірдің автомобиль жолдары желісі еліміз бойныша ең ұзыны және ол шамамен 12 мың шақырымды құрайды.
Сонымен, аймақта жол жөндеу жұмыстарына16,1 млрд теңгені жұмсау жоспарланған. Бүгінде жөндеу жұмыстары бірқатар елді мекендерге апаратын жолдарды қамтығанымен, туристік зоналар мен демалыс орындарына апаратын жолдар да басты назарға алынып отыр.
Сондай-ақ, ШҚО-да 3 414 км республикалық деңгейдегі жолдың жөнделуі жоспарланған. Биылғы жылдың өзінде бұған 13,3 млрд теңге бөлініп отыр.
Ал, «Омбы – Майқапшағай» тас жолының жалпы ұзындығы 125 км болатын 3 бөлігінде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Оның ішінде 36 км жол биылғы жылы қолданысқа берілмек.
Бұдан басқа, Жидебайға (Абай ауданы), Алакөлге апаратын жолдар мен Бородулиха – Шемонаиха тас жолы жөнделеді.
2017 жылы өңірде 3,2 млрд теңгеге 185,38 км жол жөнделуде. Аталған жұмыстар қыркүйек айының соңына дейін өз соңына жетпек.
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Жолдау-2021: Салықтық әкімшілендіруді күшейту шаралары