- Басты
- Жаңалықтар
- Strategy2050.kz порталы пікірталас алаңына шақырады
Strategy2050.kz порталы пікірталас алаңына шақырады
Пікірталас клубы алаңында экономика, саясат және әлеуметтік саланың жетекші сарапшылары маңызды мәселелерді талқылап, өз пікірлерін қорғайды. Атап өтсек, бұл жоба бойынша онлайн-хабар таратылады, ал оқырмандар Strategy2050.kz порталы мен «Астана радиосының» сайтында пікірталасты онлайн бақылай алады. Айта кетейік, «Астана радиосы» пікірталас үшін порталға алаң ұсынып отыр. Осылайша, студияға арнайы шақырылған 4-5 спикер пікір таластырады, 1 сағат бойы олар тақырып бойынша оқырмандар мен көрермендерге, тыңдармандарға тақырыпты түсіндіруге тырысады.
Портал болашақта осындай үлгідегі пікірталасты айына 2 рет, 2 тілде 1 сағаттан шығарып отырады.
«Елімізде мемлекеттік, салалық бағдарламалар көп. Олардың орындалуы Үкіметтің есепті кездесуінде кеңінен айтылады. Ал, БАҚ дереу олар туралы ақпаратты таратады, осымен жұмыс аяқталады. Яғни, сол есеп тек Үкімет үшін есеп күйінде қалады. Жалпы, бұл есептерді жинастырып, халыққа түсінікті тілде жеткізу керек. Strategy2050.kz ақпараттық-сараптамалық порталының Пікірталас клубы осы тұрғыда жұмыс істейді. Бұл бір тараптан меморгандардың есебі болса, екінші тараптан жобаларды ақпараттық сүйемелдеу», - деп түсіндірді ұйымдастырушылар.
Алғашқы шығарылым Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуге арналып отыр. Сарапшылар тікелей эфирде МӘМС-тің маңызды мәселелерін талқылайды.
Айта кетейік, Пікірталас клубының модераторы -"Казконтент" АҚ Басқарма Төрағасы Евгений Кочетов.
-
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды -
Қазақстанда қысқа мерзімді онлайн курстардың бірыңғай порталы іске қосылды -
Мүмкіндігі шектеулі жандар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 150 мыңнан астам қызмет алды -
Жеңіс күні: Qaharman1945.kz порталы іске қосылды -
Баланы тұрғылықты жері бойынша eGov.kz порталына қалай тіркейді -
Мамандар шомылу маусымында қауіпсіздікті сақтауға шақырады -
Орнықтылық қорының облигациялары Қазақстан қор биржасының Негізгі алаңына ауыстырылды -
COVID-19: Сарапшылар отбасы ішіндегі бейбітшілікке шақырады -
Театр әр үйде: «Астана Опера» тілдесуге шақырады -
ҚР Тұңғыш Президент Қоры мұғалімдер үшін дамытушы пікірталас алаңын іске қосты -
Ә.Ермұхамбетова: Жас зерттеушілердің нетуоркинг алаңына айналдық -
Бас прокуратура азаматтарды арандатушылық шақыруларға берілмеуге шақырады -
Қ.Тоқаев «Валдай» пікірталас клубының отырысына қатысты