- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО әкімі полиция қызметкерлеріне қызметтік көліктердің кілтін табыс етті
ШҚО әкімі полиция қызметкерлеріне қызметтік көліктердің кілтін табыс етті
Осыған дейін Затон полиция бөлімшесі, тозығы жеткен ескі ғимаратта орналасқан болатын. Қылмыстың алдын алу, заң бұзушылықтарды болдырмау жолында еңбек етіп жүрген полиция қызметкерлері заман талабына сай жұмыс істеуі үшін олардың материалдық-техникалық базасын жетілдіру маңызды. Осы орайда, бөлімшенің жаңа ғимараты замауи құрылғылармен толық жабдықталды.
«Атқарылып отырған бүгінгі іс-шара қаладағы құқық қорғау саласындағы жағдайды жақсартуға септігін тигізетініне сенім мол. Алдағы уақытты құқық бұзушылықтың алдын алу мен тәртіп орнатуда нәтижелі жұмыс күтеміз» , – деді облыс әкімі Даниал Ахметов.
Сонымен қатар, бұл күні мемлекеттің құқық қорғау органдары қызметінің сапасын арттыруға бағытталған кешенді шаралар аясында бөлімшенің автокөліктер паркі жаңа 51 қызметтік автокөлікпен толықтырылды.
Облыс әкімі мен департамент басшылығының арқасында біз жүз процент техникамен қамтамасыз етілдік. Біздің қызметкерлер барлық құқық бұзушылыққа уақытында әрекет етіп, тәртіпті бақылайтын болады, - деп Семей қаласының ішкі істер басқармасының басшысы Ақылқан Қасқабаев аймақ басшысына алғысын білдіріп, мойына артылған барлық міндеттерді абыроймен атқаруға уәде берді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары