- Басты
- Жаңалықтар
- БАҚ халықтар мен елдердің бірігуінде көшбасшы болуы керек – Н.Назарбаев (ФОТО)
БАҚ халықтар мен елдердің бірігуінде көшбасшы болуы керек – Н.Назарбаев (ФОТО)
«Еуразиялық медиа форум өз қызметінің 15 жылы ішінде журналистер қоғамының өзекті мәселелерін ғана емес, сонымен қатар жаһандық проблемаларды да құрылымдық талқылау орнына айнала отырып, жақсы беделге ие болды. Әлем өзгерістерге ұшырап жатқан қазіргі жағдайларда мұндай сұхбат алаңдарының қажеттігі артып келеді. Бүгінде біздің еліміз өз алдына саяси жүйені, экономиканы, қоғамдық қатынастарды қоса алғанда, өз дамуының негізгі бағыттарын жаңғырту мақсаттарын қойып отыр», - деп оқып берді Г. Әбдіқалықова.
ҚР Президенті үздік жетістікке ашық болу табыс кепілі екенін атап өткен.
«Бұл әлемдік тұрғыдан да аса маңызды екеніне сенімдімін, өзгелердің көзқарасын құрметтейтін ашық сұхбат қана жаһандық сенімді қалпына келтіру бағдары болып табылады. БАҚ осы процестің көшбасшысына айналуы тиіс және жаңа кедергілер жасамай, халықтар мен елдерді біріктіруге барынша күш салуы тиіс. Әлем жаңа ақпараттық орта қалыптастыру дәуіріне аяқ басты. Және біз қолымыздан келгеннің барлығын жасауымыз керек. Бұдан бөлек, тұрақты дамудың айқындаушы факторы алдағы әлеуметтік және технологиялық өзгерістерге дайындық болып табылады. Осыған байланысты, медиа форумның күн тәртібіне негізгі бағыт ретінде «жасыл экономика» мәселелерінің енгізілуі аса маңызды. Бұл Астанада өтіп жатқан ЭКСПО-2017 көрмесінің тақырыбына сәйкес келеді. Қатысушылар мен қонақтар болашақтың энергиясы саласындағы соңғы жетістіктермен және жаңалықтармен таныса алатынына сенімдімін. Баршаңызға табысты жұмыс, жаңа шығармашылық идеялар тілеймін», - деп оқып берді Г. Әбдіқалықова ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау сөзін.
Еске сала кетейік, Астанада XIV Еуразиялық медиа форум өтуде.
Қайрат Жандыбаев
Фото Абзал Қалиев
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді