- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-дағы Қызыл алтын кен орнында зерттеу жүргізілуде
ШҚО-дағы Қызыл алтын кен орнында зерттеу жүргізілуде
Бұл қаржыға «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорыны» ЖШС Қызыл алтын кен орынына зерттеу жүргізіледі. Бұл жоба Шығыс Қазақстан облысында жүздеген жұмыс орынын құруға және аталмыш секторға жоғары халықаралық стандарт енгізуге мүмкіндік береді.
«Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорыны» ЖШС қымбат металл өндірумен айналысатын «PolymetalInternational PLC» компаниясының 100% еншілес кәсіпорыны болып табылады. «Polymetal» компаниясының осы типтес жобаларды іске асырудағы мол және мойындалған тәжірибесін ескере отырып, Қызыл алтын кен орны жобасы қазақстанның кен өндіру секторына жаңа технологиялар мен машықтар енгізуді қамтамасыз етеді.Аталған жобаны жүзеге асыру жоспарына сәйкес, жаңа жұмыс орындарына көбіне жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары орналасады. Бұл нысан пайдалануға берілгеннен кейін 400 жаңа жұмыс орнын қосқанда оған шамамен 1000 адам тартылады.
Астанада өтіп жатқан Шетелдік инвесторлар кеңесінің 30-шы пленарлық сессиясы алаңында ЕҚДБ Президенті Сума Чакрабартии мен «Полиметалл УК» АҚ Президенті Игорь Финогенов жобаға қол қойды.
«Біз Қазақстанның алыстағы аймақтарын экономикалық дамытуды қолдаймыз. Қызыл жобасы Шығыс Қазақстан облысына инновациялар, жаңа технологиялар әкеледі және жаңа жұмыс орындарын ашады. Біз «Полиметалл» компаниясымен бірге осы елдегі жастар мен әйелдердің мүмкіндіктерін жақсарту жұмысын бастауды асыға күтеміз»,-деп атап өтті ЕҚДБ Президенті. «Бұл келісім Полиметаллдың ЕДЖБ-ның Қызылды дамыту мен одан әрі дамыту үшін қоршаған ортаны қорғау мен әлеуметтік саладағы озық тәжірибесін енгізу арқылы тұрақты дамуға ұмтылысын көрсетеді»,- деп мәлімдеді «Полиметалл» Тобының Бас атқарушы директоры Виталий Несис.
Қызыл- әлемдік санаттағы үлкен кеніш. Мойындалған халықаралық бағалау бойынша 7,7 грамм тонна алтын құрамы 7,3 млн. унций алтын қоры бар және пайдалану мерзімі 22 жыл. Кәсіпорын толық жобалық қуатымен жұмыс істегенде жылына 300 мың унций алтын өндіреді деп күтілуде.Сондай-ақ, алғашқы 10 жыл бойы алтын өндіру ашық әдіспен жүргізіледі.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
СOVID-19: Елорда «қызыл» аймақта тұр -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
COVID-19: Молдовада карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкін, ал Черногорияда ковидпен ауруханаға түскендердің саны артуда -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Халық санағына дайындық жұмыстары қалай жүргізілуде -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 2 есеге өскен -
ШЫҰ-ға 20 жыл: Тұрақтылық пен өркендеу жолындағы ынтамақтастық