- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның 174 колледжіне дуалды оқыту элементі енгізіледі
Қазақстанның 174 колледжіне дуалды оқыту элементі енгізіледі
«Техникалық және кәсіби білім беру мен кәсіпкерліктерде дуалды оқыту жүйесінің негізгі ұстанымдарын енгізу компаниялар мен оқу орындарының арасында түзілген 22 мың келісім аясында іске асырылады. Кәсіпкерліктер тәжірибеден өткізу үшін арнайы 170,3 мың жұмыс орнын дайындайды. Ал 5,1 мың орын жұмыс берушілердің есебінен оқыту мен стипендияға бөлінген», - делінген хабарламада.
Айта кету керек, дуалды оқыту жүйесі бойынша елімізде Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстары көш басында. Ал осы жүйенің әріптестерінің бірегейі ретінде «Қазақмыс» АҚ, «Дон тау-кен байыту комбинаты» АҚ, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ, «Павлодар мұнай-химия зауыты» АҚ мен «Кентау трансформатор зауыты» АҚ атауға болады.
Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның 8 компаниясы 30 колледжбен бірігіп дуалды оқыту жүйесін қолға алуда. «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ темір жол саласы бойынша 17 оқу ордасымен келісімге келіп отыр. Колледждердің 137 студенті биыл «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ-ның Транспорттағы технология орталығы базасында тәжірибеден өтті және жұмысқа орналасатын болады.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
«Педагогтардың цифрлық құзыреттілігін дамыту» онлайн оқыту курсы басталды -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары -
Қазақстанның білім беру нысандары қалай күзетіледі -
Қазақстанның бейбіт бастамалары -
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты -
Қашықтан оқытудың әлемдегі қарқыны -
Түркістан декларациясы – Қазақстанның дипломатиялық жетістігі