- Басты
- Жаңалықтар
- Ляньюньган терминалы- Құрғақ порт көлік желісінің жүк ағыны арттырылады
Ляньюньган терминалы- Құрғақ порт көлік желісінің жүк ағыны арттырылады
Кездесуде Ляньюньган портындағы қазақстан-қытай логистикалық терминалымен серіктестікті дамыту жайы талқыланды.
Жақында ҚР мен ҚХР жетекшілері Ляньюньган портынан Қазақстан аумағы арқылы Орта Азияға, Түркияға алғашқы контейнерлік пойызды жіберді. Алтынкөл –Қорғас шекаралық өткелі арқылы Орталық Азиядан Чендуға контейнерлік пойыз жөнелтілді.
«Ляньюньган портында логистикалық және сауда платформасын жасақтау Қазақстан, Орталық Азия, Парсы шығанағы елдері, Түркия, Еуропаға бағытталған жүк ағынын дамытуға ықпал етеді»,-деп атап өтті Қ. Алпысбаев. Ол Ляньюньган порты терминалы мен Құрғақ порт арқылы бірлесіп жүк ағынын ұлғайту бойынша ұсыныстарын жеткізді.
Ляньюньган портының әлеуетін пайдалана отырып, теңіз жолдарымен тасымалданатын жүктерді құрлыққа бағыттап, автокөлік, теміржол инфрақұрылымдарын пайдалану қарастырылды.
Тараптар «Құрғақ порт» жобасы аясындағы серіктестікті дамыта отырып, оған Ляньюньган портын қатыстырып, COSCO Shipping CO Ltd компаниясы мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ әлеуетін пайдалану көзделеді.
«Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА аумағында инвестицияға қолайлы жағдай жасалған. Оның ішінде салықтық жеңілдіктер, дайын инфрақұрылым және жобаны қолдаудың қызмет түрлері ұсынылады.
Цзянсу провинциясы Халық үкіметінің вице-губернаторы Чэн Чженнинмен кездесуде «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен Цзянсу провинциясының Халық үкіметі арасындағы «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА Индустриальдық аймағы мен Логистикалық дамытуының нобайлы шартын жүзеге асыру жайы қаралды. Бұл құжатқа 2015 жылы тамызда екі елдің Мемлекет басшылары ресми кездесуінде қол қойған болатын.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
ІІМ: Автокөлік ұрлаған 8 қылмыстық топ ұсталды -
Токио-2020: Спортшылардың олимпиададағы нәтижесіне талдау жасалды -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
Пандемия Қазақстан экспортына қалай әсер етті -
Елордадағы эпиджағдай: инфекциялық стационарлардың жүктемесі 70%-дан асты -
ІІМ: Жалған вакцина паспорт иелерін анықтау мақсатында қандай жұмыс жүргізілуде