- Басты
- Жаңалықтар
- Нидерланды Астанадағы ЭКСПО көрмесінде ұлттық күнін атап өтті (ФОТО)
Нидерланды Астанадағы ЭКСПО көрмесінде ұлттық күнін атап өтті (ФОТО)
Ұлттық күнді атап өту Нидерланд Корольдігінің туын салтанатты түрде көтеру мен елдің әнұранынан басталды. Концерттік бағдарлама ЭКСПО-2017 көрмесінің сахнасында өтті.
Ұлттық күнді мерекелеу аясында Нидерланд павильонында «Holland Innovation Challenge» экологиялық инновациялар байқауының қорытындысы жасалып, жеңімпазы анықталды.
Байқау 4 голландиялық компания үшін ЭКСПО-2017 тақырыбы бойынша жаңа бизнес-тұжырымдамалар жасау жұмысына арналған болатын. Байқауға әрбір елден 2 қатысушыдан барлығы 4 адамнан тұратын 6 команда қатысты. Байқауға қатысқан компаниялар жұмыстың инновациялық әдістерін енгізетін Голландия экономикасының әр түрлі секторларының өкілдері.
Байқауға қатысушыларға қазақстандық шындыққа сәйкес өнім трансформациясының тұжырымдамасын әзірлеу міндеті қойылды.
Қазылар алқасының бағалау қорытындылары бойынша Нидерландының экономика министрі Хенк Камп «Witteven and Bos. Water wise» жеңімпаз командасына сыйлық табыс етті - бұл Алматы қаласында суды пайдалану айналма жүйесін жасау жобасы еді.
«Нидерланды ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған жаңғырудың жаңа толқыны аясында қазақстандық әріптестермен ынтымақтастық жасауға дайын. Біз логистика, су ресурстарын басқару, аграрлық сектор және тағы басқа салалардағы жобалар шеңберінде тәжірибе бөлісуге қуаныштымыз. Қазақстан пайдалы қазбаларға, әсіресе мұнай мен газға бай, дегенмен, Қазақстан үшін қазіргі уақытта экономиканы әртараптандыру басымдық болып табылады. Сондықтан жылыжай шаруашылығы, ауыл шаруашылығы, су ресурстарын басқару, қалдықтарды басқару, ғарыш технологиялары - осының барлығы да маңызды. Осы байқаудың жеңімпаздары өз жобасын іске асыру үшін шексіз мүмкіндікке ие болады», - деді Нидерландының экономика министрі Хелен Камп.
Байқау жеңімпазы Ауыл шаруашылығы университетінің студенттерімен жұмыс істеу менеджері Дияс Асанов өз жобасы туралы айтып берді.
«Байқау Астанада ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге байланысты ұйымдастырылды. Біз Голландияда базасы бар компаниялардың нақты бизнес-кейстерін шештік. Атап айтқанда, біздің жобамыз «Witteven and Bos» ұсынысы бойынша ұйымдастырылған еді, бұл компания бізге Алматы қаласында тұрақты сумен жабдықтауды дамыту үшін кейс берді. Біз бұл проблеманы әр түрлі жолдармен шешкен едік және бүгінгі тұжырымға келіп тоқтадық. Біздің инновациялық идеямыз жаңа салынып жатқан тұрғын үйде бір сумен жабдықтау жүйесін ұтымды пайдалануды білдіреді, яғни Қазақстанда жыл сайын 100 мың үй салуға арналған "Нұрлы жер" бағдарламасы бар, сондықтан жаңа тұрғын үйлер өте көп болады деп ойлаймыз, тіпті ЭКСПО көрмесіне де жаңа аудан салынған, бұл жерде басынан бастап осы жүйені салуға болар еді. Сумен жабдықтау идеясының өзі оның ұтымды жұмсалуында, осылайша, біз адамдардың өмір сүру сапасын жақсартамыз. Қазіргі уақытта біз Алматыдағы «Esentai city» кешенінен бастамақпыз. Келісім жасалды, олар бізге пилоттық жоба үшін екі үй береді. Жақында жұмысты бастап кетеміз», - деп бөлісті Д. Асанов.
Қайрат Жандыбаев
Фото Шыңғыс Қаппаров
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті