- Басты
- Жаңалықтар
- ЭКСПО-да күнделікті қанша адам медициналық көмекті қажет ететіні туралы мониторинг жасайды - министр
ЭКСПО-да күнделікті қанша адам медициналық көмекті қажет ететіні туралы мониторинг жасайды - министр
«ЭКСПО бойынша Астана қаласында барлық дәрігерлер жұмылдырылған. Екі деңгейде жұмыс істей отырып ЭКСПО аймағында Медикер компаниясы жұмыс істейді, бұл мемлекеттік-жеке әріптестік негізінде «Астана ЭКСПО» АҚ жасаған келісім. Олар барлық қызмет көрсетуді өз мойындарына алды. Онда бес пункт пен бір медициналық орталық құрылды. Сонымен қатар, 8 жедел көмек көрсету бригадасы да Медикер компаниясынан», - деді министр.
Ол атап өткендей, ЭКСПО аймағынан тыс аудан бойынша барлық азаматтартар қамтылуы үшін қонақүйлерге бекітілген емханалар жұмыс істейді.
«Қажет болған жағдайда шетелден келген қонақ жақын емхананың көмегіне жүгіне алады. Біз күнделікті қанша адам медициналық көмекті қажет ететініне мониторинг жасаймыз. Жағдай бақылауда», - деп толықтырды Е. Біртанов.
Сонымен қатар, азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі бойынша санитарлық эпидимиологичлық қызметтің жұмысы күшейтілді.
«Қалаға кіре берісте барлық азық-түліктерге тексеріс жүргізіледі. Тіпті, азық-түлікті кіргізуге рұқсат бермеген жағдайларда болды. Жалпы штаттық режимде жұмыс жүруде», - деп түйді ведомство басшысы.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада ҚР денсаулық сақтау министрі Біртан Елжановтың халықпен есепті кездесуі өтуде.
Ақбота Күзекбай
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары