- Басты
- Жаңалықтар
- Қ. Тоқаев Финляндия Парламентінің делегациясын қабылдады
Қ. Тоқаев Финляндия Парламентінің делегациясын қабылдады
Қ. Тоқаев М. Пеккариненді және күллі Суоми халқын ел тәуелсіздігінің алдағы 100 жылдығымен құттықтады. Қазақстан Парламенті жоғарғы Палатасының Төрағасы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне Хельсинкидің ерекше ықыласын атап өтті.
Сенат басшысының пікірінше, Президент Саули Нийнистёнің таяудағы Астанаға жұмыс бабындағы сапары және оның «ЭКСПО-2017» көрмесіндегі ұлттық павильонын ашуға қатысуы Қазақстан мен фин қатынастарының ерекше сипатын көрсетті. «Финляндия табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен әлеуметтік бағдардағы экономиканың нәтижелі жұмысының мысалы болып табылады. Біздің Мемлекет басшысы дамудың осы бағытын белгіледі, - деді Қ.Тоқаев.
Біз энергия жинақтау, жаңартылатын энергия көздерін табу және пайдалану саласындағы өзара іс-қимылды дамытуға мүдделіміз».
Сенат Төрағасы Еуропалық Одақпен стратегиялық әріптестік тұрғысында екі мемлекеттің өзара іс-қимылын жалғастырудың маңыздылығын атап өтті. Астана осыған байланысты Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімді алғашқылардың бірі болып ратификациялаған фин Парламентінің шешімін жоғары бағалады.
Жүздесушілер заң шығару органдарының диалогы мәселелері бойынша пікір алмасты, сауда-экономикалық, транзиттік және мәдени саладағы екіжақты ынтымақтастықтың келешегін талқылады. М. Пеккаринен Қазақстанды Финляндияның аймақтығы маңызды әріптесі ретінде атады және біздің мемлекеттеріміздің көптарапты өзара іс-қимылын одан әрі нығайтуға сенім білдірді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда