- Басты
- Жаңалықтар
- Алматының тауар өндірушілері ҚХР нарығына шығуда
Алматының тауар өндірушілері ҚХР нарығына шығуда
Алматы әкімдігі хабарлағандай, Алматы кәсіпкерлерінің өнімдері қытайдың «Jumore» электрондық сауда алаңына шығарылатын болады. «Jumore» платформа ішілік онлайн-ресурсындағы қазақстандық, жекелей алғанда алматылық тауар өндірушілерінің арнайы секциясы сайтта бөліп көрсетілетін болады.
Екі жақты ынтымақтастықты нығайту туралы айтатын болсақ, мегаполис басшылығы қытай тарапын Алматыдағы өндірісті оқшаулауға және импорт ауыстырылымына қатысуға шақырды. Бұл үшін қалада барлық жағдайлар жасалған, заңнама деңгейінде инвесторларды қолдау бойынша шаралар кешені қабылданды. Мысалы, инвесторларға 8-10 жыл мерзімге салықтық жеңілдіктер, күрделі шығындардың 30%-ға дейінгі өтемі, шетелдік жұмыс күшінің жеңілдетілген әкелімі, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер және т.с.с. ұсынылуы мүмкін.
Жекелей алғанда, қытай қонақтары өздерінің өнімдерін барлық қажетті инфрақұрылыммен жабдықталған Индустриалды аймақта орналастыруға шақырылды. Онда 40 компания орналасқан, бұл жобалардың төрттен бірі шетелдік қатысумен іске асырылуда.
«Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында инновацияны дамыту үшін арнайы қолайлы жағдайлар жасалған, артықшылықтар көзделген, сондай-ақ онда 150-ден астам ғылымды қажетсінетін және инновациялық кәсіпорындар табысты түрде жұмыс істейді.
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымының төрттен бірінің (7,8 млрд. АҚШ доллары) тек Алматы қаласына тиесілі екенін атап өтеміз.2016 жылы бұл көрсеткіш 2 млрд. АҚШ долларын құрады. Қытай Ресейден кейінгі бас сауда серіктестігі болып табылады. Ағымдағы жылдың тек 3 айының ішінде өзара тауар айналымы 22%-ға (545,7 млн. АҚШ долларынан 698,9 млн. АҚШ долларына дейін) өсті. Қалада қытай капиталының қатысуымен шамамен 300 бірлескен кәсіпорын және шамамен 1500 кәсіпорын тіркелген.
-
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қанша пайызға қымбаттады -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері -
Алматының дамуы: Эпиджағдай, денсаулық, білім, тұрғын үй саласы және инвестиция -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне не себеп -
2025 жылға дейін еңбек нарығына қосымша 1 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскер қажет болмақ -
Тауарларды мемлекеттік стандарттау жүйесі: өнімдерге сертификат алу тәртібі, «халал» белгісін алу -
Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттар тек электронды түрде болады -
Тауарларды таңбалау: Сауда саласының көлеңкелі айналымын төмендетуге мүмкіндік береді -
«Астана» халықаралық қаржы орталығының Қазақстанның қаржы нарығына әсері қандай -
Қазақстанның қай қалаларында және қандай азық-түліктің бағасы қымбаттады -
Қазақстанда дайын өнім тауарларының экспорты артып келеді -
ҚХР-ның ҚР-дағы елшісі Чжан Сяо Нұрсұлтан Назарбаевты 80 жасымен құттықтады -
COVID-19 пандемиясы еңбек нарығына кері әсер етті -
Алматының Әуезов ауданында жаңа мектеп ашылады