- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат Комитетінде электр энергетикасы туралы заңнамаға түзетулер қаралды
Сенат Комитетінде электр энергетикасы туралы заңнамаға түзетулер қаралды
Сенаттың баспасөз қызметінде хабарланғандай, заң жобасы электр энергиясын тұтынушылардың құқықтарын қорғауға және энергетикалық кәсіпорындар көрсететін қызметтердің сапасын қамтамасыз етуге бағытталған. Жобамен он бір заңнамалық актіге, оның ішінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексіне (Салық кодексі), Әкімшілік құқық бұзушылық туралы, Жер, Су кодекстеріне, сондай-ақ бірқатар заңдарға түзетулер енгізіледі.
Құжатта иесіз деп танылған электр желілерін энергия беруші ұйымдарға беру және оларды корпоративтік табыс салығынан және мүлік салығынан біржолға босату мәселелері реттеледі. Электр энергетикасы саласындағы уәкілетті органның құзыреті нақтыланады.
Экспортталатын электр энергиясын өндірудің өзіндік құнынан төмен емес баға бойынша және еліміздің біртұтас энергетикалық жүйесінде немесе оның бөліктерінде электр энергиясының профициті жағдайында ғана Қазақстаннан тыс жерлерге сатылатын электр энергиясына шектеу белгіленеді.
Электр энергетикасы саласындағы құқық бұзушылықтардың электр және жылу желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беруге қойылатын талаптарды бұзу, сондай-ақ технологиялық бұзушылықтар туралы ақпаратты беру жөніндегі талаптарды бұзу бөлігінде жаңа құрамы енгізіледі.
Сенаторлар сондай-ақ «Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, теміржол көлігі көрсететін қызметтерге қол жеткізуді реттеу тәртібін қолдану туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын талқылады. Қазақстан мен Қырғызстан арасында Санкт-Петербургте 2016 жылғы 26 желтоқсанда қол қойылған келісім Тарифтік саясат негіздерімен бірге теміржол көлігі көрсететін қызметтерге қол жеткізуді реттейді. Заң жобасын қабылдау теміржол көлігімен Қырғызстанға қатысты транзиттік жүк тасымалын құқықтық реттеуді қамтамасыз етеді.
Заң жобасын Палатаның қарауына жіберілді.
-
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Электр энергиясы мен газ: Биыл тариф қалай қалыптасады -
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту -
Электронды коммерция: өңірлік және ішкі дамуды ынталандыру -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
ҰБТ-2021: Электронды форматтың артықшылықтары мен мүмкіндіктері -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
БҒМ: Мектепке жұмысқа тұру тәртібі, тестілеуді электронды форматқа көшіру және дипломды цифрландыру