• Басты
  • Strategy2050.kz порталы пікірталас алаңына шақырады
22 Маусым, 2017 14:32

Strategy2050.kz порталы пікірталас алаңына шақырады

Бүгін Strategy2050.kz ақпараттық-сараптамалық порталы Пікірталас клубы форматында жаңа жобаны іске қосады.
Strategy2050.kz порталы пікірталас алаңына шақырады

Пікірталас клубының алаңында еліміздің экономика, саясат және әлеуметтік саланың жетекші сарапшылары маңызды мәселелерді талқылап, өз пікірлерін қорғайды. Атап өтер болсақ, бұл жоба бойынша онлайн-хабар таратылады,  ал оқырмандар  Strategy2050.kz  порталында және «Астана радиосының»  сайтында пікірталасты онлайн бақылай алады. Айта кетер болсақ, «Астана радиосы»  пікірталас үшін порталға алаң ұсынып отыр. Осылайша, студияға арнайы шақырылған 4-5 спикер пікір таластырады, 1 сағат бойы  олар тақырып бойынша оқырмандар, көрермендер мен тыңдармандарға  тақырыпты  түсіндіруге тырысады.

Осындай үлгідегі пікірталасты портал болашақта айына 2 реттен  2 тілде  1 сағаттан шығарып отырады.

«Елімізде мемлекеттік, салалық бағдарламалар көп. Олардың орындалуы Үкіметтің есепті кездесуінде кеңінен айтылады. Ал, БАҚ дереу олар туралы ақпаратты таратады, осымен жұмыс аяқталады.  Яғни, сол есеп тек Үкімет үшін есеп күйінде қалады. Жалпы, бұл есептерді жинастырып, халыққа түсінікті тілде жеткізу керек. Strategy2050.kz ақпараттық-сараптамалық порталының Пікір-талас клубы осы тұрғыда жұмыс істейді. Бұл бір жағынан меморгандардың есебі болса, бір жағынан жобаларды ақпараттық сүйемелдеу болады», - деп түсіндірді ұйымдастырушылар.

Алғашқы шығарылым Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуге арналып отыр. Сарапшылар тікелей эфирде МӘМС-тің маңызды мәселелерін талқылайды. 

Айта кетейік, Пікірталас клубының модераторы  -"Казконтент" АҚ Басқарма Төрағасы Евгений Кочетов.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды