- Басты
- Жаңалықтар
- Ж.Қасымбек Қазақстанда инвестициялық климатты жақсарту бойынша қандай жұмыстар жүргізілік жатқаны туралы айтып берді
Ж.Қасымбек Қазақстанда инвестициялық климатты жақсарту бойынша қандай жұмыстар жүргізілік жатқаны туралы айтып берді
«ЭЫДҰ сарапшыларымен бірлесіп инвестициялық климатты жақсарту жұмыстары жүргізілуде. Соңғы 5 жылда заңнамамызды ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес айтарлықтай өзгертіп, көші-қон жүйесін, шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібін, құрылыс жүргізу мен жер телімдерін рәсімдеуге рұқсат қағаздарын алуды жеңілдеттік, сонымен қатар, 61 мемлекет үшін визасыз жүйе ашық», - деді Ж.Қасымбек.
Ол атап өткендей, Дүниежүзілік банкпен Ұлттық инвестициялық стратегия жасақталды, ол ағымдағы жылдың тамыз айының соңына дейін қабылданады.
«Стратегияда нақты салалар, алгоритм мен үйлестіру тәртібі мен барлық мемлекеттік органдардың өзара жұмыс істеуі, инвестициялық климатты одан ары жетілдіру механизмдері көрсетіледі», -деп түсіндірді Ж.Қасымбек.
Ал, «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы Үкімет атынан инвесторларға «бір терезе» жүйесі бойынша қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге кірісті.
«Бүгінде Қазақстан үшін басты серіктестер ретінде Қытай, Ресей, Еуродақ, АҚШ, Түркия мен Араб елдерінің инвесторы болып табылады. Және де осы мемлекеттердің әрқайсысында ірі мақсатты инвесторлар анықталған. Әр мемлекет бойынша инвестормен жұмыс істейтін жоспар бар», - деп толықтырды ол.
Министрдің хабарлауынша, бүгінде жалпы сомасы шамамен 50 млрд долл болатын жүзеге асырылып жатқан және қарастырылу барысындағы 147 жобаның тізімі жасақталды.
«Бұл ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 25 шет мемлекетке сапарының аясында қол жеткізілген уағдаластықтың нәтижесі. Бүгінде 39 жоба бойынша құрылыс жүргізіліп жатса, 12 жоба бойынша барлау жұмыстары, тағы 17 жоба бойынша құжатнама жасақталуда. Ал, қалған жобалар қарастырылу барысында», - деп атап өтті Ж.Қасымбек.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің «Жаңа энергетика» атты 30-шы пленарлық отырысы өтуде. Іс-шараға 300-ден астам адам қатысуда.
Қайрат Жандыбаев
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады