- Басты
- Жаңалықтар
- Шанхай биржасы 25% үлеспен АХҚО жаңа биржасының акционеріне айналады
Шанхай биржасы 25% үлеспен АХҚО жаңа биржасының акционеріне айналады
«АХҚО биржасын құру бойынша жұмыс аяқталуда. Жаһандық биржалық көшбасшылар санынан стратегиялық әріптестер айқындалды. Шанхай биржасы 25% үлеспен АХҚО жаңа биржасының акционеріне айналады, бұл Қытайдың инвестициялық өтімділігіне жол ашады. Американдық NASDAQ биржасымен жоғары технологиялық сауда тұғырнамасын енгізу жөніндегі келісімге қол қойылды. Сондай-ақ NASDAQ биржа капиталына кіру мәселесі де қарастырылуда», - деді Ж.Қасымбек.
Министр биылғы жылдың төртінші тоқсанында АХҚО биржасы алғашқы сауданы жүзеге асыруға дайын екенін хабарлады, бұл «Самұрық-Қазына» АҚ активтерін IPO мен жекешелендіруді бастауға мүмкіндік береді.
«АХҚО исламдық және «жасыл» қаржы өңірлік хабына айналады. ЕҚДБ-мен экологиялық бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр. 2018 жылы көлемі 300 млн АҚШ долларын құрайтын «сукук» ислам құнды қағаздарының дебюттік шығарылымы жөніндегі мәселе пысықталуда. АХҚО тұрақты экономикалық өсуді қолдауға едәуір көңіл бөлмек. ЭКСПО-2017 көрмесінің бірегей инфрақұрылымы базасында АХҚО экологиялық тұрақты жобаларға инвестициялау, сондай-ақ «жасыл» қаржыландыру бағдарламасын іске қосу, атап айтқанда, «жасыл» облигацияларды шығару алаңына айналады. Жасыл жобалар тасталымдар деңгейі төмен және климаттың өзгеруіне төзімді жасыл экономикаға көшуге, парниктік газдар тасталымдарын қысқартуға, климаттың өзгеру салдарын реттеуге бағытталған», - деп түсіндірді Ж.Қасымбек.
АХҚО 2020 жылға дейін Орталық Азия мен ТМД үшін өңірлік ислам хабы ретінде қалыптасу үшін қолайлы ортаны қамтамасыз етуге ұмтылады. Исламдық қаржыландыруды дамыту жоспарын құру ислам банк өнімдерін, капитал нарығының ислам құралдарын (сукук) және басқа да ислам қаржы құралдарын (такафул, иджара және т.б.) қамтиды. Лицензиялау бойынша құжаттар мен барлық қажетті реттеу актілерін әзірлеуді 2017 жылғы қыркүйекке дейін аяқтау жоспарланып отыр.
Президенттің бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам Ұлт жоспарындағы 24-қадамда Астанада AIFC халықаралық төрелік орталық құру және 70-қадамда Астана халықаралық қаржы орталығын құру туралы айтылған
Еске сала кетейік, Астанада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің «Жаңа энергетика» атты 30-шы пленарлық отырысы өтуде. Іс-шараға 300-ден астам адам қатысуда. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы шетелдік инвесторлар кеңесінің 60-шы пленарлық отырысын ашты.
Қайрат Жандыбаев
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар