- Басты
- Жаңалықтар
- АХҚО қызметінің құқықтық негізін қалыптастыруды аяқтауда
АХҚО қызметінің құқықтық негізін қалыптастыруды аяқтауда
«АХҚО қызметінің құқықтық негізін қалыптастыруды аяқтауда. Биылғы жылдың наурыз айында Конституцияға АХҚО құқықтық режимін негіздейтін өзгертулер енгізілді. Халықаралық сарапшылармен бірлесіп қаржылық қызмет пен ағылшын құқығы саласында Тәуелсіз сот пен Халықаралық төрелік орталықтың нормативтік құжаттарын дайындау аяқталуға жақын. АХҚО соты ҚР сот жүйесіне тәуелсіз түрде жұмыс істейді. Ол 2018 жылдың қаңтарында іске қосылады деп жоспарлануда», - деді Ж.Қасымбек.
Оның айтуынша, Халықаралық төрелік орталығы төрелік келісімдер аясында даулы мәселелерді шешудің институтына айналады.
«Төрелік келісім тараптары сот шығындарын қысқартып, елде және шетелде төрелік келісімдердің шешілуін жүзеге асыра алады. Төрелік сот алға тартқан төрелік шешімдердің қабылдануы мен орындалуы АХҚО алаңында ҚР заңнамасына сай жүзеге асырылады», - деді ол.
Айта кетейік, Президент бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамында «Астана» 2017 жылы халықаралық қаржы орталығына айналуы тиіс деген еді. Ұлт жоспарының "индустрияландыру жəне экономикалық өсім" бөлігінде Мемлекет басшысы ASTANA EXPO - 2017 инфрақұрылымдары арқауында арнаулы мәртебе бере отырып, Астана халықаралық қаржы орталығын құру мәселесін қамтыған. Және оны ТМД елдері, Еуропа және Орталық Азия үшін қаржы хабы ретінде қалыптастыру керектігін айтты.
Қаржы орталығының даму стратегиясын капитал нарықтарына қызмет көрсету және исламдық қаржыландыру мамандығына сәйкес әзірлеу. Элиталық қаржы қызметінің жаңа түрлерін, соның ішінде "private banking" активтерді басқару саласындағы қызметтерді дамыту. Орталыққа либералды салық режимін енгізу. Оффшорлық қаржылық орталық құрылуы мүмкін. Дубайдың үлгісі бойынша инвестициялық резиденттік қағидатын енгізу.
Айта кетейік, Астанада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Шетелдік инвесторлар кеңесінің 30-шы отырысы өтті. Кеңес отырысының жұмысына 300-ден астам қазақстандық және шетелдік қатысушы, оның ішінде шетел тарапынан Кеңестің 30 мүшесі мен 2 бақылаушы (халықаралық ұйымдар мен трансұлттық компания басшылары), сондай-ақ, мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялар мен ұйымдардың басшылары келді.
Қайрат Жандыбаев
-
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
«Құқықтық мемлекет» ұғымы және Қазақстан -
АХҚО олимпиада жеңімпаздары Қазақстан мен Ресейдің жетекші ЖОО-ларында білім алмақ -
АХҚО: Қаржы және экономика салалары бойынша олимпиадаға кімдер қатыса алады -
АХҚО-ның Қазақстан экономикасына инвестиция тартудағы рөлі -
Сайлау: мемлекетті қалыптастырудың құралы ретінде -
«Халық үні» жобасы халықтың әлеуметтік мәселелерін шешумен айналысады -
Сарапшылар: Қазақстан «құқықтық мемлекет» құруға дайын ба -
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
COVID-19 вирусынан амбулаториялық емдеу негізінде қандай дәрі-дәрмек тегін беріледі -
М.Бекетаев: Заң жобалары бойынша ғылыми-құқықтық сараптаманы тізімдегі сарапшылар жүргізеді -
Е.Тұрғымбаев: ІІМ қызметінің 83 пайызы электронды форматқа көшірілген -
Азаматтық қоғамды қалыптастырудың өзекті мәселелері -
Түркістан және Кентау қалаларында кірме жолдарды ұсыну қызметінің тарифі төмендетілді -
Елбасы - заманауи Қазақстанның негізін салушы - Т.Жұмырбаев