- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Президенті Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысын ашты (ФОТО)
ҚР Президенті Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысын ашты (ФОТО)
«Биыл Кеңестің құрылғанына 19 жыл толып отыр, бұл жақсы дәстүрге айналды, бірге біз көп жұмыс атқардық, сіздер экономикамыздың қалыптасуы мен реформалар жүргізуде Қазақстанға үлкен көмек көрсеттіңіздер. Осы кездесулер экономикалық даму мәселелеріндегі ең өзекті тақырыптарды талқылаудың маңызды алаңына айналды. Кеңес құрамына елімізде жұмыс істеп жүрген ірі шетелдік компаниялардың өкілдері кіреді. Оның жылдан жылға сапалы түрде жаңарып келе жатқаны заңды», - деді Н. Назарбаев.
ҚР Президенті Кеңестің жаңа мүшелерімен таныстырып өтті.
«Кеңес құрамына елімізде жұмыс істеп жүрген ірі компаниялардың өкілдері кіреді. Күн тәртібіне көшпес бұрын Кеңестің жаңа мүшелерімен таныстырып өткім келеді. Дивакар Гупта мырза – Азия даму банкінің жеке меншік секторындағы операциялар және қаржыландыру жөніндегі вице-президенті және Наоя Ивашита мырза – «Марубени Корпорейшн» Еуропа, Африка және ТМД елдері бойынша аға өңірлік атқарушы офицері. Олар зейнеткерлікке шыққан өз әріптестерін ауыстырады. Кеңес құрамына кадрлық өзгерістерге байланысты қазақстандық тараптың жаңа мүшелері кірді. Бұдан бөлек, залда бақылаушы компаниялар да қатысып отыр. Осында келгендердің барлығына үлкен алғысымды білдіремін», - деп атап өтті Н. Назарбаев.
Елбасы сондай-ақ ЭКСПО-2017 көрмесінің Қазақстан үшін маңыздылығын да айтып өтті.
«Алғашқы кірпішін мен 2014 жылы қалаған едім және 3,5 жыл ішінде қомақты қаражат игеріліп, өздеріңіз көріп отырған бірегей объект салынды. Оның ашылуына 17 президент және бірнеше үкімет басшысы қатысты. Көрме уақытында басқа да мемлекет басшылары келетін болады. ЭКСПО-2017 көрмесінің өткізілуі бүгінгі отырыстың «Жаңа энергетика» атты тақырыбын айқындап отыр. Біздің еліміз үшін энергетикалық сектордың маңызы зор. Орасан зор ресурстардың болуына қарамастан, Қазақстан ЖЭК-ті белсенді дамытуға ниетті. Осыған орай, жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасы іске асырылуда. Біз халықаралық жасыл технологиялар орталығын құру бойынша бастама жасадық, ол көрме жұмысы аяқталғаннан кейін де жұмыс істейтін болады. Біз барлық мүмкіндіктерімізді, жаңа энергетика резервтерін пайдалануымыз керек», - деп түйіндеді Н.Назарбаев.
Еске сала кетейік, Астанада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің «Жаңа энергетика» атты 30-шы пленарлық отырысы өтуде. Іс-шараға 300-ден астам адам қатысуда.
Қайрат Жандыбаев
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
15,7 мыңнан астам шетелдік азамат Қазақстанда еңбек етіп жүр -
Үкімет отырысында Тоқаев қандай тапсырмалар берді -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары -
COVID-19: Кипр екпе алғандарға «есігін» ашты, ЕО AstraZeneca-дан бас тартты, Британия карантин шараларын жеңілдетті -
ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар