- Басты
- Жаңалықтар
- ЕҚДБ ШҚО-дағы алтын кенорны жобасына 140 млн доллар бөлді
ЕҚДБ ШҚО-дағы алтын кенорны жобасына 140 млн доллар бөлді
«Мен бұл жобаға қол қойылғанына ризамын – бұл ЕҚДБ Шығыс Қазақстан облысындағы Қызыл алтын кенорнын әзірлеуге бөлінген 140 млн долллар. Бұл жоба өте маңызды. Ол шахтаның өзіне құйылған инвестиция. Бұл ЕҚДБ жаңа әдісі бойынша Қазақстанның энергетикалық секторындағы тау кен өндірудің екінші жобасы. Аталмыш әдіс аясында жастар мен әйелдердің білім алуы мен жұмысқа тұруы бойынша институционалдық мәселелерді шешетін боламыз», - деді ЕҚДБ президенті Сума Чакрабарти.
«Полиметалл УК» АҚ президенті Игорь Финогенов өз кезегінде «Қызыл» және «Полиметалл» жобасы бойынша келісімге қолдың қойылуы өте маңызды екенін айтты.
«Бүгінгі келісімге қолдың қойылуы Еуропалық даму банкімен жұмыстың бірінші кезеңінің аяқталғанын көрсетеді. Біз бұл жұмысқа қанағаттандық. Еуропалық даму банкімен келісім орнатып, Қазақстан үшін маңызды жоба «Қызыл» жобасының жүзеге асырылуына үлесімізді қосқанымыз үшін ризамыз. Бұл жоба ірі әрі күрделі», - деді И. Финогенов.
ЕҚДБ қаржыландыратын жоба бойынша таяу жатқан аудандардың тұрғындары жұмысқа орналасады.
Аталмыш нысан енгізілген соң 1000-ға жуық адам жұмыс істейді. Ол қосымша 400 жаңа жұмыс орнын ұсынады.
Айта кетейік, Қызыл – алтын кен орны бар әлемдік санаттағы ірі кен орны.
Жоба толық қуаттылыққа шыққан соң өндіріс көлемі жылына 300 мың унцийді құрайды.
Айта кетейік, ЕҚДБ Қазақстан экономикасының әр саласына 7,2 млрд еуро инвестиция салды. Банк жұмысы тұрақты құрылыс пен инклюзивті және әртараптандырылған экономикаға бағытталған.
Қайрат Жандыбаев
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қазақстанда 7 млн-нан астам азамат вакцина алды -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын жүрек» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты -
Алтын Орда тарихы неге зерттелмеді -
2025 жылға дейін еңбек нарығына қосымша 1 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскер қажет болмақ -
Елордада Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 1 млн теңге көлемінде қаржылай көмек беріледі -
«Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілер қатары артты -
Сақтандырылған қазақстандықтар саны 1 млн-ға артты