- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысының полиция қызметкерлеріне автокөліктердің кілттері табысталды (ФОТО)
Қызылорда облысының полиция қызметкерлеріне автокөліктердің кілттері табысталды (ФОТО)
ІІМ хабарлағандай, биылдың өзінде жергілікті бюджет есебінен Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің Жергілікті полиция қызметіне қаржы бөлініп, 69 бірлік автокөлік, стационарлық полиция бекетін орналастыру үшін модуль тәрізді үй-жай сатып алынды.
Жаңа полиция бекеті қазіргі заманға сай ерекше үлгіде салынған (Ресей Федерациясының Самара қаласының тәжірибесі негізінде) және жобасы Жергілікті атқарушы және Прокуратура органдарымен бірлесіп әзірленген. Полицейлерге барлық жағдай жасалған, қажетті жабдықтармен, компьютер, бейнекамералармен және ІІМ-нің арнайы базасымен жабдықталған. Осыған ұқсас 13 бекет қаламыздың өзге да аумақтарында ашылмақ.
Сондай-ақ, салтанатты шара барысында сап түзеген қызылордалық полицейлерге «Toyota Corolla» маркалы 69 автокөліктің кілті табыс етілді.
Автокөліктер жол-патрульдік полиция батальонына пайдалануға берілмек. Бұл аталған бөлініс қызметінің жеделдігін арттыруға және облыстағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге елеулі септігін тигізеді.
«Кез келген аймақтың даму деңгейі оның қоғамдық тәртібінің тұрақтылығымен және азаматтардың құқығын қамтамасыз етуімен анықталады. Жергілікті әкімдік тарапынан бұл бағыттағы ел Президентінің тапсырмасы толықтай орындалып жатқандығын және органдардың мәртебесін арттыру бағытында біраз шаруа атқарылды. Бүгінгі көрсетілген қолдау олардың халық алдындағы міндеттерін еш кедергісіз, адал орындауларына оң әсерін тигізетініне сенімдімін», - деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.
-
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
Прездент тапсырмасы: Полиция департаменттеріндегі жедел-тергеу топтарына тергеуші әйелдер енгізілді -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Ақтөбе облысының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Ақмола облысының дамуы: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, инвестиция және түрғын үй мәселері -
Атырау облысының дамуы: Эпидемиологиялық ахуал, инвестиция, ШОБ және тұрғын үй мәселелері -
Павлодар облысының дамуы: Инвестиция, ауыл шаруашылығы және жол мәселелері -
Маңғыстау облысының дамуы: Туризм, ауыл шаруашылығы, инвестиция және ауыз су мәселесі -
Қызылорда облысының дамуы: Тұрғын үй құрылысы, азық-түлік қауіпсіздігі және білім саласы -
Түркістан облысының дамуы: Инвестиция, зауыттардың құрылысы, туризм және жол мәселесі