- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжіліс жарнама мәселелері жөніндегі түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады
Мәжіліс жарнама мәселелері жөніндегі түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады
Ұлттық экономика министрлігі хабарлағандай, заң жобасы, бұл ретте, жарнама саласындағы заңнама бұзылған кездегі әкімшілік жауапкершілікті белгілеп отыр.
«Кейбір бірінші рет енгізіліп отырған әкімшілік жауапкершілік түрлерін атап айтқым келеді. Экономиканы долларсыздандыру бойынша жүргізіліп отырған саясатты ескере отырып, Қазақстан Республикасының аумағында тауар сату кезінде оның бағасын ұлттық валютада көрсетпегені үшін әкімшілік жауапкершілік енгізілді», - деді Сүлейменов.
Оның айтуынша, жосықсыз, күмәнді, бейәдеп және жасырын жарнама бергені үшін, сондай-ақ, ұлттық аза тұту күндері теле-,радиарналарда жарнама бергені үшін жауапкершілік белгіленіп отыр.
«Алкоголь мен темекіні жасырын жарнамалауға жол бермеу үшін, түрлі іс-шараларды өткізу түріндегі, оның ішінде алкогольдік өнімдерге, темекі және темекі бұйымдарына сұраныс пен қызығушылықты арттыруға бағытталған жүлделер, лоторея ойындарын жарнамалағаны үшін жауапкершілік енгізілді», - деді министр.
Ол кәсіпкерлердің қаржылық жүктемелерін ұлғайтуға жол бермеу мақсатында ӘҚК арқылы белгіленген жазалаулардың көлемі қайта қарастырылмағандығын атап өтті.
Сонымен қатар, заң жобасы арқылы теле-, радиоарналарда әлеуметтік жарнамаларды тарату тетігі белгіленді.
«Біз контентті және әлеуметтік жарнаманы тарату тәртібін нақты реттеу қажеттігі пісіп-жетілгендігін түсінеміз. Сондықтан міндетті 15 теле-, радиоарналарда қайтарымсыз негізде орналастырылатын әлеуметтік жарнамалардың күн сайынғы көлемін белгілеу ұсынылып отыр», - деді Сүлейменов. әлеуметтік жарнамалардың күн сайынғы көлемін белгілеу ұсынылып отыр», - деді Сүлейменов.
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері -
Мұнай-газ өндіру мәселелері -
ҚТЖ: Астық, көмір, мұнай және шөп тасымалдау мәселелері -
Медицина ұйымдарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері