- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда дәнді-бұршақ дақылдары егістерінің ауданы ұлғайған
Қазақстанда дәнді-бұршақ дақылдары егістерінің ауданы ұлғайған
«568 652 солтүстікқазақстандықтың 318 862-сі ауылды жерлерде тұрып жатыр, бұл оның 56%-дан астамын құрайды. Бұл өңір халқының негізгі бөлігі ауыл шаруашылығына тәуелді екенін білдіреді», — деді Қ.Ақсақалов.
СҚО әкімдігінде хабарланғандай, Құмар Ақсақалов осы бағытта егіс алқаптарын әртараптандыруға, мал шаруашылығын дамыту мен еңбекақыны көбейтуге баса назар аударған.
«Көктемгі-дала жұмыстарының қорытындылары бойынша біз мынадай нәтижелерге қол жеткіздік - майлы дақылдар ауданын биыл 39%-ға, 200 мың гектарға дейін ұлғайттық — бұл республикадағы майлы дақылдардың жалпы көлемінің 58%-ын құрайды. Сондай-ақ Қазақстан бойынша жасымық, асбұршақ, ноқат және басқа дәнді-бұршақ дақылдарының егіс алқаптары 209 мың гектарға ұлғайды. Біздің өңірімізде жасымық 195,5 мың гектарға, 2,5 есе артық егілген. Алғаш рет 4,9 мың гектар жерге соя егілді», — деді облыс әкімі.
Солтүстік Қазақстан облысының жерлерді әртараптандыру бойынша тәжірибесін Үкімет басшылығы оң бағалағанын айта кету керек. Мамандардың пікірінше, өңірде жүргізілген жұмыс Қазақстанға әлем бойынша жасымық егуден бесінші орын және экспорт бойынша төртінші орын алуға мүмкіндік береді.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды