- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан денсаулық сақтау саласында үлкен жетістіктерге жетті
Қазақстан денсаулық сақтау саласында үлкен жетістіктерге жетті
«Қазақстанға тағы да келгеніме қуаныштымын. Мен әр үш жыл сайын осы елде болып жатқан өзгерістерді байқауға келемін. Айта кету керек, мен Алматы мен Астананың жеткен жетістіктеріне таңқалдым. Бұл ретте, мен денсаулық сақтау саласындағы оң өзгерістерді меңзеп тұрмын. Сонымен қатар, қоғамдық денсаулық сақтау нығайып, алғашқы медициналық санитарлық көмек күшейген, оның ішінде АМСК деңгейіндегі қоғамдық денсаулық сақтау мен барлығын жаппай денсаулық сақтау қызметімен қамту жақсарғанын баса айтқым келеді», - деді Ж.Якоб.
Ол атап өткендей, барлығын жаппай денсаулық сақтау қызметімен қамту мемлекет үшін стратегиялық маңызды бағыт.
«Алматыда ДДСҰ-ның еуропалық аймағындағы барлық 53 мемлекетіне жұмыс істейтін еуропалық алғашқы медициналық санитарлық көмек орталығы жұмыс істейді. Біз ҚР Үкіметі тарапынан қолдауға иеміз және де ол үшін алғысымыз зор. Алматы қаласы біз үшін маңызды қала, себебі, ол бірінші рет алғашқы медициналық санитарлық көмек пайда болған қала. Осыдан 39 жыл бұрын Алматыда конференция өтіп, оның қорытындысы бойынша декларация қабылданған. Бүгінде Алматыда алғашқы медициналық санитарлық көмектің жаңашылдығын, ол туралы жаңаша көзқарасты талқылап жатқан сарапшылар тобының отырысы өтуде. Оның аясында Алматылық декларацияның қырық жылдығы аталып өтетін болады», - деді Ж.Якоб.
Сонымен қатар, ол Қазақстанның 2030 жылға дейін халықтың денсаулығы мен әл-аухатын арттыру бойынша жеткен жетістіктеріне тоқталды.
«Халықтың денсаулығын нығайтып, әл-аухатын арттыру барысында саяси ерік жігер керек. Осы ретте Нұрсұлтан Назарбаев басқарып отырған Қазақстанның бұл мақсатқа жетуге қауқары жетерлік екенін атап өткім келеді», - деп түйді Ж.Якоб.
Қайрат Жандыбаев
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз»