- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Мемлекеттік хатшысы ДДСҰ Еуропалық бюросының өңірлік директорымен кездесті
ҚР Мемлекеттік хатшысы ДДСҰ Еуропалық бюросының өңірлік директорымен кездесті
«Біздің еліміз денсаулық сақтаудың, соның ішінде БҰҰ-ның орнықты даму мақсаттарына қол жеткізудің өзекті мәселелерін шешуде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірлескен жобаларды іске асыруға белсенді түрде атсалысып келеді. Бұдан басқа, Қазақстандағы денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда, атап айтқанда ана мен бала денсаулығын қорғау, өкпе ауруының алдын алу әрі онымен күресу, медициналық және фармацевтикалық білім беру және т.б. мәселелер бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тарапынан қолдау көрсетуде. Сонымен қатар, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа Бас директоры болып Тедрос Адханомның тағайындалуымен құттықтаймын», -деді Г.Әбдіхалықова.
Мемлекеттік хатшы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қоғамдық денсаулық сақтау жүйелері мен қызметтерін нығайтуға бағытталған барлық бастамаларының маңыздылығын атап өтті.
«Бүгінде Қазақстан БҰҰ-ның көпжақты дипломатия жөніндегі хабын құру бастамасын көтеріп отыр. Біз қазіргі таңда денсаулық сақтау саласын реформалау бағытында белсенді жұмыстар жүргізудеміз. Бұл тұрғыда біз «Денсаулық-2020» еуропалық жаңа бағдарламаны негізге алып отырмыз», - деп толықтырды Г.Әбдіхалықова.
Бұдан басқа, кездесуде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының географиялық тұрғыда шалғайда орналасқан Алматы қаласындағы Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жөніндегі офисінің қызметі талқыланды.
Қайрат Жандыбаев
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
АҚШ-та балалар арасында коронавирус көбеюде, ал ДДСҰ COVID-19-ға қарсы 3 препаратты сынақтан өткізбекші -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Электронды коммерция: өңірлік және ішкі дамуды ынталандыру -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы